Қытай ауыл шаруашылығы университеті делегациясы мен DAYU ирригациялық тобымен кездесу

2024 жылдың 5 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясында Қытай ауыл шаруашылығы университеті (CAU) делегациясы мен DAYU ирригациялық тобының ресми кездесуі өтті. Кездесу ауыл шаруашылығы мен су ресурстарын тиімді пайдалану саласындағы тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Қытай ауыл шаруашылығы университеті делегациясының құрамында жоғары лауазымды өкілдер болды: Ду Тайшын – университет вице-президенті, Сонг Чжэнхэ – инженерлік факультет деканы, Чжан Инжун – ғылыми-технологиялық жайылымдар факультетінің деканы, Ван Сяньго – жайылымдар факультеті деканының көмекшісі, Лю Вэнфэн – су ресурстары және құрылыс инженериясы факультетінің профессоры, және Тан Лу – халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы.

DAYU ирригациялық тобын Цуй Цзин, компанияның вице-президенті және Орталық Азия филиалы директорының орынбасары Нурзат Матай таныстырды.

Кездесуде Қытай Халық Республикасының ғылым және технология жөніндегі консулы Чжан Вэй де қатысты. Қазақстан тарапынан келіссөздерге Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Ляззат Ералиева, Бас ғылыми хатшы Исмаил Токбергенов және Академияның басқа да маңызды өкілдері қатысты.

Делегацияның сапарының басты мақсаты технологияларды трансферлеу, ауыл шаруашылығы саласында ресурстарды тиімді пайдалану бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу, сондай-ақ мамандар даярлау бағдарламаларын дамыту мәселелерін талқылау болды. Сондай-ақ тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу зертханасын ашу мүмкіндігін қарастырды.

Кездесу естелік сыйлықтар алмасып, бірлескен фотосуретке түсумен аяқталды, бұл Қазақстан мен Қытайдың ғылыми мекемелері арасындағы ынтымақтастықтың келесі кезеңінің бастамасы болмақ.