«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ– мен бірлесіп ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде М.Тынышбаев атындағы Логистика және Көлік университетінің қабырғасында автожол саласын дамыту перспективаларын талқылауға және ғылым мен бизнесті интеграциялауға бағытталған «Жол құрылысы: ғылым және бизнес» форумын өткізді.
Іс-шараның мақсаты:
Автомобиль жолдары саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту перспективаларын айқындау.
Ғылыми қауымдастық пен бизнестің өзара әрекеттесуі үшін платформа жасау.
Автожол құрылысына, заманауи жол технологиялары мен материалдарына нәтижелер мен зерттеулерді енгізуге жәрдемдесу.
Сонымен қатар әлеуетті инвесторлар мен салалық органдардың алдында коммерцияландыруға дайын өз технологиялары мен материалдарын ұсынуға мүмкіндік жасау. Одан әрі ғалымдардың әзірлемелерін коммерцияландыру үшін байланыс орнату және инвестициялар тарту.