2024 жылғы 16 қыркүйекте Алматы қаласында С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Қазақстан ғылымының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференцияның «медицина және денсаулық сақтау» бағыты бойынша секциялық отырысы өтті. Конференция Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен ұйымдастырылды.
Конференцияда медицина және денсаулық сақтау саласындағы 80 нен астам жетекші мамандар бас қосты. Іс-шараға жетекші ғалымдар, медициналық сарапшылар, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, сондай-ақ жас ғалымдар қатысты.
Конференцияның негізгі тақырыптары Қазақстанның медицина саласындағы кадрлық әлеуетін нығайту үшін болашақ мамандарды дайындау, ғылыми инфрақұрылымды дамыту, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және инновацияларды экономикаға енгізу перспективалары, сондай-ақ халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне арналды.
Конференция қатысушылары инновациялық дамудың жаңа кезеңінде туындайтын сын-қатерлер мен стратегияларды талқылады. Цифрлық денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық жүйедегі реформалар және заманауи технологияларды медициналық тәжірибеге енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды және қазан айының бірінші жартысында Қарағанды қаласында өңірлік ғылымды дамыту бойынша медицина және денсаулық сақтау бағытында, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының көшпелі отырысында тағыда көтерілген мәселелер Қазақстанның жетекші ғалымдарымен бірге талқыланатындығы айтылды.
Іс-шара Президент Жолдауында көтерілген Қазақстан ғылымы мен денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытуға бағытталған негізгі мәселелер бойынша пікір алмасу мен шешімдер іздеу үшін маңызды алаңға айналды.