Академия филиалдарының басшыларын – өкілдерін бос лауазымдарға конкурстық іріктеу жариялайды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Академия) Академия филиалдарының басшыларын – өкілдерін бос лауазымдарға конкурстық іріктеу жариялайды:

Бос лауазымдардың атаулары *
1Астана қаласындағы (1-бірлік) Академия филиалының басшысы (өкілі)
2Ақтөбе қаласындағы (1-бірлік) Академия филиалының басшысы (өкілі)
3Шымкент қаласындағы (1-бірлік) Академия филиалының басшысы (өкілі)

Академияның орналасқан жері: Алматы қаласы

1. Астана, Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы Академия филиалының басшысы (өкілі)

Жалпы біліктілік талаптары

1. Кандидатқа қойылатын талаптар:

1) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

2) мыналардың:

кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша ғылыми дәрежесі (ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (Ph.D);

ғылым және менеджмент саласындағы қолданыстағы ұлттық, халықаралық сертификаттар (бар болса);

Хирш индексінің (h-index) болуын растайтын Web of Science және / немесе Scopus дерекқорынан скриншоттардың көшірмелері 1 және одан астам;

салалық мемлекеттік органдарда тіркелген Ғылыми-техникалық құжаттамалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының/шет елдің өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге, пайдалы модельге, селекциялық жетістікке және т. б. қорғау құжаттарының авторлығы (бар болса);

ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру, гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми жобалар мен бағдарламалардың басшысы/ тең басшысы/ жауапты орындаушысы ретіндегі жұмыс тәжірибесінің болуы.

2. Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

Тиісті кәсіптік қызмет саласы бойынша ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 15 (он бес) жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда 5 (бес) жылдан кем емес.

3. Мынадай құзыреттердің болуы: коммуникативтік және аналитикалық дағдылар, бастамашылық, жауапкершілік, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік және т. б.

4. Білімі:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, заңнамалық және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын — Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен, Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 және Академия қызметінің ерекшелігіне сәйкес келетін басқа да қаулыларымен бекітілген.

2) мемлекеттік, орыс және шет тілдері (қажетті деңгейде ағылшын тілін білу).

5. Мүмкіндігінше:

ғылым және техника саласындағы жетістіктердің болуы;

зерттеу жұмыстарын, техникалық әзірлемелерді және оларды эксперименттік тексеруді жүргізудің ғылыми әдістерін білу және қолдану тәжірибесі;

өзекті мәселелер бойынша зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерінің болуы; ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау және қаржыландыру әдістерін қолдану тәжірибесі;

тиісті зертханалық және өндірістік практика стандарттарын білу.

Академияның филиалы басшысының–өкілінің функционалдық міндеттері:

әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ өңірдің ерекшелігін ескере отырып, Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөнінде ұсынымдар жинау және дайындау;

өңірлерде Академияның қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

өңірлердегі Академия қызметінің бағыты бойынша ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

ғылыми қызметті дамыту жөніндегі функцияларды, оның ішінде өңірлердің жас ғалымдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

ғылыми салада сараптамалық іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;

сенімді деректер мен есептерді қалыптастыру мақсатында стратегияларды әзірлеу және талдау;

ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізуді ұйымдастыруға қатысу;

ғылымның әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;

өңірлерде ғылымды насихаттау;

шешім қабылдауды қолдау үшін өңірлердің жергілікті атқарушы органдарына ғылыми кеңес беру;

өңірлердің стратегиялық міндеттерін шешу үшін ғалымдарды біріктіру және үйлестіру.

Қажетті құжаттар тізімі**:

1) нысан бойынша өтініш (қоса беріледі);

2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (өтініш берген сәтте қолданыста болған және қолданысының аяқталу мерзімі конкурс жарияланған күнге дейін кемінде 3 (үш) айды құрайды);

3) құжаттарды тапсыру сәтінде үміткерде соттылығының жоқтығы туралы құжаттарды қабылдау басталған күнге дейін 1 (бір) айдан ерте емес берілген анықтама;

4) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі
2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32800 болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес білімі туралы дипломдардың (оларға қосымшалардың), дәрежесінің (ғылым кандидаты, ғылым докторы және PhD докторы) және ғылыми атағының(доцент, қауымдастырылған профессор және профессор) болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

5) кандидаттың фотосуреті бар қызметтік тізімі (жұмыс, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) және (немесе) түйіндемесі;

6) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек кітапшасы) кемінде 15 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл;

7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6939 болып тіркелген)  Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесіне сәйкес берілген (танылған) ғылыми дәрежесінің (ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) және ғылыми атағының болуын растайтын дипломдардың көшірмелері;

8) үміткерде Хирш индексінің болуын растайтын Web of Science және / немесе Scopus дерекқорынан скриншоттардың көшірмелері, ОРСИД нөмірі (ORCID) (ғылыми авторларды сәйкестендірудің әріптік-цифрлық коды), Researcher ID (Web of Science базасындағы ғалымның идентификаторы (Уэп оф сайнс), Author ID (Scopus (Скопус), базасындағы автордың бірегей нөмірі) бар болса);

9) рецензияланатын ғылыми журналдардағы соңғы 5 жылдағы жарияланымдардың көшірмелері (Q1 және/немесе Q2 – ден кем емес рейтингке кіретін; ұлттық бірегейлік саласындағы әлеуметтік гуманитарлық бағыттар үшін — Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету бойынша комитеті бекіткен тізбе журналдарда; Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі бағыттар үшін – мамандандырылған ғылыми журналдардағы мақалалар журналдарда).

Конкурсқа қатысуға өтініш пен құжаттарды беру мерзімдері 2024 жылғы « 23 » қыркүйектен бастап 2024 жылғы « 7 » қазанға дейін
17 сағат 30 минут (қоса алғанда).

Құжаттарды қабылдау келесі әдістердің бірімен жүзеге асырылады:

  1. қолма-қол немесе қағаз тасығышқа курьер немесе пошта қызметтері арқылы: Алматы қ., Шевченко 28, құқықтық және әкімшілік мәселелер жөніндегі офисы, 8-00-ден 17-30-ға дейін (түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін).
  2. Анықтама телефоны: 8(771) 501 47 17.

Әңгімелесу өткізу орны:

Офлайн және (немесе) онлайн формат: Алматы қ., Шевченко 28, уақыты қосымша хабарланады.

* Конкурстық іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады:

1) конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдау;

2) құжаттарды қарау және кандидаттардың кандидаттарымен әңгімелесу өткізу;

3) кандидаттардың құзыреттерін бағалау мақсатында әңгімелесу.

** Кандидаттар қажет болған жағдайда өздері туралы ақпаратты растау үшін біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) ұсынады.

Нысан

Қазақстан Республикасы

Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасы

Ұлттық ғылым академиясы

_____________________________

(Үміткердің Т.А.Ә. (бар болса))

ЖСН _________________________

Тұрғылықты мекен-жайы: ________ _______________________________

Телефон: ______________________

Электрондық мекен-жайы: ________

Нысан

Өтініш

Мен, _____________________________________ бос лауазымға өтінішімді қарауды сұраймын, төмендегі құжаттарды қоса беремін.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) 2024 жылғы «___»______ №____ Қоғам Президентінің бұйрығымен бекітілген Қоғам филиалдарының басшыларын сайлау қағидаларын растаймын және келісемін.

Бұдан басқа, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес, оның ішінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде меншік иесі бола отырып, менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

«___» _________ 202___ ж. _____________/_______________________

(күні)                                        (Үміткердің қолы)   (Үміткердің Т.А.Ә (бар болса))