Референдум – бұл халық үніне құлақ асатын мемлекет концепциясының айқын көрінісі. Маңызды мәселені көп болып шешу, дұрыс таңдау жасау маңызды», — дейді Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев.
Бүгін ол алғашқылардың бірі болып Медеу ауданында орналасқан №378 референдум учаскесінде дауыс берді. Оның пікірінше, дамыған елдерде өзекті мәселені талқыға салу жиі кездеседі. Мысалы, Швейцарияда соңғы он жылда 18 рет референдум болыпты.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА президенті: — Американың азаматтары референдумға өте белсенді қатысады. Ең маңыздысы – олар әрбір сұраққа дайындалып, сол мәселені зерттейді. Әрбір сұрақтарына жауап дайындағасын, жауап алғасын барып дауыс береді. Меніңше, Қазақстанда әлі өте көп референдумдар болады, біз демократиялық мемлекетпіз, біз референдумға дауыс беруге үйренуіміз керек, бізде референдумның мәдениеті болу керек.