Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Ғылым мен технологиядағы Қазақстан-Корей ынтымақтастығын дамыту шеңберінде, Оңтүстік Кореяның жетекші технологиялық компанияларымен және институттарымен ынтымақтастықта жоғары технологияларды дамыту бойынша панельдік сессия ұйымдастырды.
Сессия барысында Оңтүстік Кореялық компаниялар мен R & D институттары өздерінің озық әзірлемелерін ұсынды, Қазақстан тарапынан іс-шараға қатысушылар, ғылым мен индустрия бірлескен жобаларды іске асыру үшін өздерінің жоспарлары мен мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы өз тарапынан жоғары технологиялық секторларда ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру арқылы, отандық құзыреттерді арттыру мақсатында халықаралық ынтымақтастық үшін ықтимал бағыттарды іздестіруге жәрдемдеседі.