Алматыда отандық ғылымды талдау орталығы құрылды

almaty.tv
10.12.2024 15:32

ПРЕЗИДЕНТ ЖАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА ҚАНЫШ СӘТБАЕВТЫҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ

Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы қазақтың тұңғыш геолог-ғалымы, ірі мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай іс-шара өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ғылымды дамыту мәселелеріне арналған жиында бір жылда атқарылған жұмыс нәтижелері баяндалды. Отандық ғылымның нақты жай-күйін бағалау үшін арнайы талдау орталығы құрылғаны да сөз болды.

«Академияның бұрынғы президенттері содан кейін қоғамдық ұлттық академияның басшысы, сондай-ақ қоғамдық-салалық академияның басшыларын шақырдық. Біз бірге жұмыс істеуіміз керек. Мақсат – бір, ғылым – бір. Сондықтан мұнда бөлісетін ештеңе жоқ», – деді ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев.

https://almaty.tv/kz/news/obschestvo/almatyda-galymdar-otandyk-gylymdy-taldau-ortalygy-ku-ryldy