2024 жылғы ғылым саласындағы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы 2024 жылға арналған ғылым саласындағы сыйлықтарға және мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткерлерді іріктеу конкурсының аяқталғаны туралы хабарлайды.

Келіп түскен өтінімдерді қарау нәтижесінде конкурстық комиссия ғылым саласындағы сыйлықтарды тағайындауға 6 жұмысты және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындауға 75 үміткерді, соның ішінде дарынды жас ғалымдарға арналған 50 стипендияны ұсынды. Ғылым саласындағы сыйлықтарды тағайындауға ұсынылған жұмыстарды іріктеу критерийлеріне және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындауға үміткерлерді іріктеу талаптарына сәйкес әрбір өтінімді комиссияның екі мүшесі (сарапшы) қарады. Егер сарапшылар әртүрлі ұпайлары бар екі түрлі тармақты таңдаса, секция немесе сараптамалық топ төрағасы олардың біреуін таңдады.

Секциялар мен сараптамалық топтардың жұмысы аяқталғаннан кейін комиссияның барлық мүшелері сараптама нәтижелерімен танысып, өз ескертулерін қалдыруға мүмкіндік алды. Егер комиссияның шешіміне әсер етуі мүмкін дәлсіздіктер анықталса, комиссия төрағасы тиісті өтінімдерді қайта қарауға жіберді.

Конкурстық комиссияның шешімімен стипендиялар ғылыми бағыттар бойынша жеке рейтингтік тізімдер негізінде, өтінімдер санына байланысты стипендиялар саны бөлінгеннен кейін тағайындалды (әрбір ғылыми бағытқа өтінімдер болған жағдайда кемінде 1 орын бөлінді). Сондай-ақ, комиссия ғылым саласындағы сыйлықтарды тағайындауға конкурстық комиссия ұсынған тұлғаларды мемлекеттік ғылыми стипендияларға (жас ғалымдарға арналған стипендияларды қоса алғанда) үміткерлер тізімінен алып тастау туралы шешім қабылдады.

2024 жылғы ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар иегерлерінің тізімі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысының «2024 жылы ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №591 бұйрығында қолжетімді:

https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/documents/details/769887?lang=kk

Лауреаттарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз!