Ғылымға ашықтық пен айқындылық маңызды — Egemen Qazaqstan

2024 жылы ғылымды дамыту мақсатында «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданды. Ғалымдардың мәртебесін арттырып, ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысын көтеру, ғылыми зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының мемлекеттік сатып алу үрдісіне қатысуын қамтамасыз ететін құқықтық тетіктер жасалды.

Бүгінде елімізде ғылыми зерттеу­лер және әзірлемелерді іске асырумен 400-ден астам ұйым айналысса, ғылымның әлеуетін арттыруға үлес қосып жатқан ғалымдар саны  25 мың­нан асады.

Сарапшылар ғылыми зерттеулерге кедергі болып отырған бас­ты мәселе ғылыми зерттеу кешен­нің жетіспеушілігі, заманауи зерт­ханалардың тиісті деңгейде жаб­дықталмауы екенін айтады.  Өнер­табыс нәтижелерін коммерцияландыру да көкейкесті болып отыр. «Ourworldindata» деректер базасында Қазақстанда ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысына бөлінетін қаржы көлемі ІЖӨ 0,5 пайызын құрайтын болса, орташа деңгейдегі елдерде бұл көр­сеткіш – 1,9, дәулетті елдерде 3 пайыз­ды құрайды.

Мақаланың толық мәтін сілтеме бойынша: https://egemen.kz/article/379155-ghylymgha-ashyqtyq-pen-ayqyndylyq-manhyzdy

01 Қаңтар, 2025

Egemen Qazaqstan

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ