KAZ ROCKETS 14–19 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен студенттерді KAZROCKETS Satellite Design Tournament 2025 инженерлік жарысына қатысуға шақырады! Төрт адамнан тұратын командаңызды жинап, өзіңіздің үздік шешіміңізді дәлелдеңіз!
Жарыстың бас демеушісі – Гумарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ). АЭжБУ-дың қолдауы арқасында жарысқа қатысушылар өз әлеуеттерін ашып, Қазақстанның ғарыш саласын дамытуға үлес қоса алады.
Жарыс кезеңдері
- Бірінші тур (онлайн): 2025 жылғы 24 ақпан – 10 наурыз.
- Екінші тур (онлайн): 2025 жылғы 14 наурыз – 24 наурыз.
- Финал (Алматы): 2025 жылғы 10–11 сәуір – спутниктерді құрастыру және ұшыру.
Жүлде қоры және мүмкіндіктер
- Жүлде қоры — 1 миллион теңге.
- Финалистердің трансфері мен тұру шығындары өтеледі.
- Аэрокосмостық технологиялар саласындағы бірегей тәжірибе.
- Мансаптық өсу мен жаңа таныстықтарға жол ашады.
Тіркеу
Тіркеу 2025 жылғы 20 қаңтардан 20 ақпанға дейін ашық. Тіркелу kazrockets.kz сайтында тегін жүргізіледі. Орындар шектеулі!
Байланыс
- Веб-сайт: kazrockets.kz
- Email: kazrocketspf@gmail.com
- Instagram: @kazrockets
- Телефон: +7 (775) 163 9790
Спутникті жаса. Болашаққа ұмтыл!