Орталық агротехнологиялық саладағы озық технологиялардың жаңа стартаптарын құруға серпін береді, бұл екі елдің ғылыми және технологиялық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.
ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында айтқан тапсырмаларын іске асыру мақсатында Ресей Ғылым академиясымен (РҒА, Ресей) және жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп Агроөнеркәсіп кешенінде Қазақстан-Ресей озық технологиялар орталығын ресми түрде ашты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Салтанатты ашылу салтанатында ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Басқарма Президенті А.Қ. Күрішбаев, Ресей ғылым академиясы Президентінің орынбасары П.А. Чекмарёв және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі Д.П. Десов құттықтау сөз сөйледі. Орталықтың ашылуына ҚР ҰҒА және РҒА академиктері, жетекші ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары және аграрлық бизнес өкілдері қатысты.
Толық мәтін: https://aikyn.kz/282432/agroonerk-sip-kesheninde-k-azak-stan-resey-ozyk—tehnologiyalar-ortalyg-y-ashyldy