16.05.2025 — Алматы қаласында, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы елімізде алғаш рет Жас зерттеушілер форумын өткізеді

ҚҰРМЕТТІ БАҚ ӨКІЛДЕРІ!

Ертең (16.05.2025) Алматы қаласында, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы елімізде алғаш рет Жас зерттеушілер форумын өткізеді.
Бұл форум — ғылымға, зерттеу мен инновациялық қызметке қызығушылық танытқан мектеп оқушыларын біріктіретін бірегей алаң. Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында ғылыми ойлауды дамыту, шығармашылық бастамаларды қолдау және ғылыми білімді кеңінен насихаттау.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы, ҚР Президентінің жанындағы ҰҒА академиктері, әкімшіліктердегі білім басқармаларының басшылары, жетекші жас ғалымдар, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен 400-ден астам республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған дарынды мектеп оқушылары және олардың ғылыми жетекшілері қатысады.
Форум оқушылардың ғылыми-зерттеу жобалары мен әзірлемелерін таныстыруға арналған ашық алаңға айналады.

Форум нәтижесі бойынша ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясында Жас зерттеушілер академиясы құрылатын болады.