Әлеуметтік зерттеулер жүргізу үшін сарапшыны іріктеу нәтижелері

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ (бұдан әрі – Академия) бекітілген іріктеу өлшемшарттары мен жұмыстарды (қызметтерді) орындауға тартылатын сарапшыларды бағалау әдістемесіне сәйкес, ғылымды ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу аясында, төрт үміткер ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша, социологиялық зерттеулер жүргізу үшін сарапшы ретінде Ph.D. Молдашев Қайрат Булатовичті ұсынғанын хабарлайды.

Академия іріктеуге қатысқан барлық үміткерлерге алғысын білдіреді!