Білім және қоғамдық даму

Businesspeople hands over papers making notes at seminar
People on scales are divided into two opposing groups. Appearance of opinion leaders, influencing others. Nomination of an elected candidate. Formation of political movements. Society split struggle SSUCv3H4sIAAAAAAAACnRRu27DMAzcC/QfDM0xqviROBk7ZO4edKBlJhYiS4YeLYog/17JsgIN7Sbekcc78f76UhSkB8MZORb3UPmaC+GM1WC5kh6mmxXXKAfUOYIDt0pzEDnYg2WjhAk9KJ0QAX4sJDEWrDNowrIVYmDx6jUi+JSIjs6xLhKxkH7CU+QD1SyQbDLGuD4wJ5i4CIKJiqv+0Xl3hks05u3EJUj2p+K666kXH58pMVxRsp8lVBZWo0CIYc+xldy+Leopjw9u4CpL/qUYiNBQZ0qz5ozLazam7LhcIo0x5aTVwQJJ/olQaobe2z4WF6+JCR/BGN8+JDxbxPzd1ZTtkcouAVZVMvhrhXJbV3W7o9t2v6dNXbXtYW2IFx6511nsJCFfsxsf8ug8OCDbQ0dpfalKWjFaNrTCsu9YU3bV0O32gA3bMf/xj18AAAD//wMA0AfuaasCAAA=

Білім және қоғамдық даму

Еліміздің экономикасына ғылыми-техникалық әзірлемелер нәтижелерін тиімді енгізу, ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын іске асыру және ғылыми кадрларды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы негізінде Білім және қоғамдық даму ғылымдары орталығы құрылды (2023 жылғы 5 мамырдағы № 4-П бұйрығы).

Орталықтың миссиясы және міндеттері

Орталықтың миссиясы – білім беру және қоғамдық даму салаларындағы ғылыми зерттеулер мен инновацияларды үйлестіру, бұл бағыттардағы ғылыми жұмыстардың тиімділігін арттыру және олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін нығайту.

 

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

  • Ғылыми зерттеулердің басым және мамандандырылған бағыттарын үйлестіру;
  • Экономиканың тұрақты дамуы мен жаңғыртылуын қамтамасыз ету үшін ғылыми-техникалық шешімдерді іс жүзінде қолдану;
  • Ішкі және халықаралық серіктестермен бірлесе отырып, инновациялық және ғылыми инфрақұрылымды дамыту;
  • Ғылым, өндіріс және бизнес-сектор арасындағы байланысты нығайту.

Орталықтың жұмыс тобы құрамына Қазақстанның жетекші ғалымдары, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, сондай-ақ отандық және халықаралық сарапшылар кіреді. Жұмыс тобының қызметі ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеуге, ғылыми кадрлардың әлеуетін дамытуға, инновациялық технологияларды трансферттеуге және саланың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған.

Қазақ тілін латын графикасына көшіру мәселесі ерекше назарда тұр. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, Орталықтың жұмыс тобы бұл бағыттағы ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеумен айналысады, соның ішінде нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіруге қатысты ұсыныстар дайындау да қарастырылған.

  • Білім және қоғамдық даму саласындағы өзекті мәселелер бойынша ұлттық және халықаралық деңгейде ғылыми форумдар, дөңгелек үстелдер және конференциялар өткізу;
  • Ғылым мен білім саласындағы заңдар мен нормативтік актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және ұсыну;
  • Жас ғалымдарды қолдау және ғылым жетістіктерін жастар арасында насихаттау мақсатында оқыту семинарлары мен біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастыру;
  • Ғылыми зерттеулер нәтижелерін жариялау және оларды мемлекеттік органдармен және ғылыми қауымдастықпен тығыз байланыс орнату арқылы ілгерілету.

Орталықтың қызметінің нәтижесінде әзірленген қарарлар мен ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарға жіберіліп, оларды мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық құжаттарға енгізу мақсатында қарастырылады.