Баспасөз баяны

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі – Ғылым академиясы) 25 тамыз күні Астана қаласында жас ғалымдардың басын қосып, жұмыс топтарының көшпелі отырысын өткізеді. Шараның басты мақсаты – ғылым мәселелерін анықтап, ғалымдарға серпін беру. Сондай-ақ отандық ғылымды дамыту жайы да күн тәртібінде.

Астана қаласындағы басқосу екі сессияға бөлінген. Astana IT University (сағат 10:00; Мәңгілік ел, 55/11) базасындағы алғашқы отырыс энергетика және машина жасау, Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар, Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы зерттеулер тақырыбында өрбімек. Екінші сессияда (сағат 14:00; С.Сейфуллина атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (Астана қаласы, Жеңіс көшесі, 62) Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі, Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология, Жаратылыстану ғылымы саласындағы ғылыми зерттеулер жайы айтылады. 

Ғылым академиясы құрылғалы бері жас ғалымдарға ерекше көңіл бөлініп келеді. Олардың ойын тыңдап, ғылымға жанашыр азаматтардың ортасын қалыптастыруды көздейді. Жұмыс тобы бұған дейін Алматы қаласында бас қосқан-ды. Онда түрлі саладағы түйткілді мәселелер айтылып, оның шешімі ортаға салынды. Сол жиын бірқатар мәселенің оң шешілуіне ықпал етті. Жұмыс тобы жас ғалымдар үшін ұсыныс білдіретін, кері байланыс орнататын таптырмас алаңға айналып отыр.

Құрметті БАҚ өкілдері, іс-шараның қадірлі қонағы болып, ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз! 

Уақыты: 25 тамыз 2023 жыл

Мекен-жайы: 10:00-де Astana IT University (Мәңгілікк ел, 55/11); 14:00-де С.Сейфуллина атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (Астана қаласы, Жеңіс көшесі, 62) 

Байланыс: Рашит Сейтов – ҚР ҰҒА Ғылым департаментінің сарапшысы, +7 707 511 52 84; Арман Құдайберген – ҚР ҰҒА Баспасөз хатшысы, +7 707 266 66 95

25.08.2023