Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі – Ғылым академиясы) БАҚ өкілдерін 25 қыркүйек күні Алматы қаласында өтетін «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңын талқылауға арналған дөңгелек үстелге шақырады. Іс-шара мемлекеттің ашықтық саясатын, атап айтсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өтпек. Ғалымдар аталған заңды жан-жақты бағамдап, сын талқысына салады. Осы сүзгіден өткеннен кейін көпшілікке ұсынылады. Ашық талқыға шетелдік және отандық ғалымдар қатысады.
Құрметті БАҚ өкілдері аталған шараға ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз!
Уақыты: 25 қыркүйек 2023 жыл, 15:00
Мекен-жайы: Алматы қ., Жандосов көшесі, 55, NARXOZ университеті акт залы.
Байланыс: Арман Құдайберген – ҚР ҰҒА Баспасөз хатшысы, +7 707 266 66 95
25.09.2023