Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының өкілдері «Сарыарқа ТК» ЖШС басшылығымен және «ISL Metals Group» ЖШС зерттеу зертханасының ғалымдарымен өндіріс алаңында маңызды кездесу өткізді. Кездесудің басты тақырыбы тотыққан никель кендерін өндіру мен өңдеудің перспективалық технологияларын дамытудағы маңызды қадамдар.
«ISL Metals Group» ЖШС зерттеу зертханасының бас геологы С. Р. Дробов Ақтөбе облысындағы Бөгеткөл кен орнының тотыққан никель кендерінің тау-кен геологиялық жағдайымен таныстырды.
Қазақстанда және әлемде жаңа технологияларды дамыту перспективалары, химикоаналитикалық орталық құру, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану және өңірді дамыту жөніндегі мәселелік сұрақтарды болды талқылау барысында, өндіріс алаңында сыналып жатқан жоба жетекшісі М. Е. Жәкішев тотыққан никель кендерін өңдеу технологиясын зерттеу және әзірлеуде заманауи бірегей халықаралық стандарттарға сай технологияларды қолданудың маңыздылығын атап өтті.
Бұл кездесу академиялық қауымдастық пен индустрия арасындағы байланысты арттыру, тау-кен өнеркәсібінде жасыл технологияны дамыту және және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ғылыми инновациялыө әдістерді пайдалану, осы салада өндіріске бағытталған білікті мамандарды даярлау және басқада өндірісте ғылыми әлеуеттілікті тиімді пайдалану бойынша ынтымақтастық мәселелеріне көп көңіл бөлініп, интергацияланған ғылыми зерттеулер үшін жаңа көкжиектер ашады.