ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының делегациясы Физика-техникалық институтының ғалымдарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының делегациясы Физика-техникалық институтының (IPT) ғалымдары жұмысымен танысты.
Институт қатты денелерді радиациялық-иондық модификациялаудың ғылыми негіздерін және материалдардың қасиеттерін талдау әдістерін зерттеуден бастаған еді. Уақыт өте келе Институттың зерттеу саласы конденсацияланған күй физикасы және материалтану, жұқа пленка физикасы мен химиясы, нанотехнология, ғылыми аспап жасау және жоғары энергия физикасы сияқты салалармен кеңейе түсті.
Қазіргі уақытта Физика-техникалық институтында инновациялық функционалдық материалдар, жоғары энергия физикасы, ғарыштық сәулелер физикасы, фотоэлектрлік құбылыстармен, ЭПР-спектроскопия, ядролық физика және радиациялық экология, жарықтандыру аспаптарын сынақтан өткізумен айналысатын 7 зертхана жұмыс істейді.


Сол зертханалардың бірінде шикізаттан бастап дайын өнімге дейін шығаратын бірегей технологиялық желі қарастырылған. Онда бор және фосфор қоспалары бойынша жоғары тазалықтағы кремнийді металлургиялық қожбен өңдеу және алу бойынша зертханалық және жартылай өнеркәсіптік желілерінде кремнийді күн сапасына дейін тазарту жұмыстарын Күн батареяларына контактілерді трафаретті басып шығару бойынша жартылай өнеркәсіптік және кремний пластиналарының бетін химиялық құрылымдау бойынша зертханалық зерттеу жұмыстарымен ұштастырылған. Қуаттылығы 400 Вт болатын Күн панелдерінің өндірісі «Ғылым қоры» АҚ арқылы қаржыландырылуда.
Институт қабырғасында ванадий электролитін ванадий аккумуляторында қолдану мүмкіндігін тәжірибелік сынау бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысатын зертхана ашылған. Ол зертхананың басты мақсаты өндірістік редокс батареяларына арналған ванадийді 98% тазалыққа дейін жеткізу.
Институтта автомагистральдарды, жолдарды, көшелерді, алаңдарды, көпірлерді, саябақ аймақтары мен демалыс аймақтарын, теміржол платформаларын, аймақтық және аула аумақтарын, спорт алаңдарын, автотұрақтар мен паркингтерді жарықтандыруға арналған жарықдиодты көше шамдарын өз технологиялары мен зерттемелерін енгізе отырып жасап шығаратын өндіріс орны бар.
Сонымен қатар, Қазақстан территориясында стандарттарға сәйкес өндірілетін, сырттан әкелінетен жарық шамдарының фотометриялық, спектрометриялық және электрлік мәндерінің, жарық диодтарының ұзақ жұмыс жасау уақытына айқындаушы мән беретін жылу параметрлерінің сипаттамаларын зерттеу және түзету үшін өлшейтін Қазақстанда баламасы жоқ зертханасында сынақ жүргізумен айналысады. Соның төңірегінде ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Вице-президенті А.Жұмаділдаев Алматы қаласы әкімімен кездесуде сапалы жарықшамдармен қаланы қамтамасыз ету, оны тексеруден өткізу бойынша алдын ала келісімге келді.