Қазақстан Республикасының Президенті ғылым туралы

Қазақстан Республикасының Президенті ғылым туралы

 

Еліміздің білім мен ғылым саласы мемлекет басшысының ерекше назарында. Мемлекет басшысы 2023 жылы 12 сәуірде Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізді. Ел Президенті «адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі» екендігін және «қазіргі озық технология дәуірінде ғылымсыз алға басу мүмкін еместігін» баса айтты. Экономикалық өсуді ынталандыру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін ғылымның маңыздылығын мойындау – заман талабы.

Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауымен технологиялық прогресс пен инновацияға жәрдемдесуге бағытталған ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге қомақты инвестициялар салынуда. Ғылыми ұйымдарды жаңғырту басталып, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамалар саны артты. Ғылым саласы жастар үшін анағұрлым тартымды болып келеді. Нәтижесінде ғылыми ынтымақтастық дамып, халықаралық сарапшылар тартылып, зерттеу инфрақұрылымын нығайту бойынша түрлі бастамалар іске асырылуда.

Отандық ғылымның алдында ұлттық экономиканы жаңғырту ісінде авангард болу міндеті тұр. Осыған орай ел Президентінің тапсырмасы бойынша Академия ғылыми ойдың орталығы және сараптамалық қызметті жүзеге асыратын беделді құрылымға айналуы тиіс. Аса маңызды ұстаным ретінде Ұлттық ғылым академиясының беделі мен мәртебесінің мінсіз болуы, ғылыми зерттеулерге бар күшін салатын және қоғамға пайда әкелетін нағыз ғалымдардың ұйытқысына айналу көзделеді.