Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев Назарбаев университетінде еліміздің жетекші ғалымдарымен, Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшелерімен, Астана қаласындағы жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшыларымен кездесті. Жиында отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
Іс-шараға әртүрлі ғылым саласынан 60-тан астам ғалым қатысты. Ашық диалог барысында ғылыми зерттеулерді дамытудың негізгі мәселелері бойынша ұсыныстар айтылып, Ұлттық ғылым академиясының негізгі міндеттеріне қатысты сұрақтарға жауап берілді. А.Күрішбаев академия қатардағы мемлекеттік мекемеге айналмауы керек екенін жеткізді.
Толық мақала сілтеме бойынша: https://egemen.kz