Ғылым саласына өзгерістер енгізілмек — AstanaTV

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым  академиясының базасында форсайттық зерттеулер мен технологиялық болжау негізінде және дамудың әлемдік трендтерінің, еліміздің ғылымының, экономиканың нақты жай-күйін бағалау арқылы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындаудың объективті жүйесі енгізілетін болады. Бұл туралы Басқарма Президенті Ақылбек Күрішбаев айтты.

«Біздің ұстанымымыз — Академия кезекті ғылым әкімшілігіне айналмауы тиіс және министрліктің жұмысын қайталамауы керек. Қазіргі Академияның өзіндік бірегей миссиясы бар, ол — ғылымды басқару саласындағы жүйелі олқылықтардың орнын толтыру. Оның жаңа миссиясының негізі — қазақстандық ғылымның дамуына үлес қосқысы келетін және үлес қосуға қабілетті жетекші ғалымдарды біріктіру. Біздің басты пайымымыз  — тәуелсіз ұсыныстарын беретін автономды, беделді сараптамалық ғылыми ұйым болуға ұмтылу»,-деді А.Күрішбаев.

Толық ақпарат сілтеме бойынша: https://astanatv.kz/kz/news/104899/