2024 жылдың 23 ақпанында ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы жас ғылым көшбасшыларымен кездесу өткізді. Бұл жас дарындарды ғылыми ортаға тарту бойынша ауқымды стратегияның негізгі бөлігі.
Ұлттық ғылым академиясының басты міндеті – ел экономикасының дамуына зияткерлік үлес қосуға қабілетті және дарынды жастарды тарту орталығына айналу. Бұл оның қызметінің негізгі бағыттарының біріне айналады.
Осы міндетті жүзеге асыру және ғылым саласында жас ғалымдардың рөлін жандандыру, бір ортаға шоғырландыру мақсатында ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясында алғаш рет Жас ғалымдар кеңесінің құрылғаны жарияланды.
Жас ғалымдар кеңесінің Призидиум құрамына еліміздің белгілі жас ғалымдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және техника жөніндегі Ұлттық кеңестің, Ұлттық Құрылтайдың, Ұлттық ғылыми кеңес мүшелері, Қазақстандағы түрлі жас ғалымдар ұйымдарының төрағалары енді.
Ашық және демократиялық сайлау нәтижесінде көпшілік дауыспен Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Жабағин Мақсат Қизатұлы сайланды.
Басқарма Президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы өз сөзінде
«Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің маңыздылығы мен айрықша мәртебесін ескере отырып, мен Мақсат Қизатұлын өзімнің кеңесшім етіп тағайындау туралы шешім қабылдадым, яғни ол Академияның басшылық құрамында жұмыс істейтін болады, бұл жас ғалымдарға өзінің төрағасы арқылы Ұлттық ғылым академиясының негізгі шешімдерін қабылдауға тікелей қатысуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті.
Бұл ретте жас ғалымдар кеңесінің құрылымы Ғылым Академиясының құрылымымен бірдей болады: Кеңесті Президиум басқарады, оның жұмысы бөлімшелер бойынша жүргізіледі, аймақтарда өкілдіктері болады.
Осылайша, біз Ұлттық Ғылым академиясының жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің мәртебесін көтергіміз келеді, сәйкесінше ол елдің жетекші жас ғалымдарын біріктіретін және өз қызметі үшін барлық қажетті өкілеттіктерге ие тиімді жұмыс істейтін ұйымға айналады.
Ғылыми әкімшілендіру саласында алғаш рет жас ғалымдардың құқықтарын қорғау үшін Жас ғалымдар кеңесі Президиумының мүшесі – омбудсмен лауазымы ресми түрде енгізіледі, оған жас ғалымдардың мәртебесін ілгерілету және нығайту миссиясы жүктеледі.
Сонымен қатар, жетекші жас ғалымдар академияның сараптамалық-аналитикалық қызметіне, ғылымды кеңінен насихаттауға, форсайттық зерттеулер, ақпараттық-аналитикалық жұмыстар жүргізуге, сондай-ақ Ғылым бойынша Ұлттық баяндама дайындауға сарапшы ретінде тәуелсіз талдамалық ұсыныстар береді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мырзаның қатысуы жиынның маңыздылығын арттыра түсті. Министр өз кезегінде, қазіргі таңда ғылымды әкімшелендіру саласында көптеген өзгерістер мен тың бастамаларға жіті тоқталып, еліміздің үздік жас ғалымдарынан жасақталған Жас ғалымдар кеңесінің жұмысына сәттілік тіледі. Кеңес отандық ғылымды дамыту саясатына жаңа импульс беретінін атап өтіп, әркез жас ғалымдарға үлкен қолдау білдіретінін жеткізді.
ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Жабағин Мақсат Қизатұлы өз баяндамасында Қазақстанның ғылыми қауымдастығында ерекше мәртебеге ие Ұлттық ғылым академиясында құрылған Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы болу үлкен сенім мен жауапкершілік жүктейтінін айтты. Сондай-ақ жиынға қатысушыларға Жас ғалымдар кеңесінің құрылымын таныстырды. Алдағы уақытта сөзден іске көшіп, жас ғалымдарды бірлесе еліміздің ғылыми әлеуетін көтеруге насихаттады.
Кездесуге Қазақстан Республикасы бойынша 60-қа жуық ЖОО мен ҒЗИ-нан 120-дан аса жас ғалымдар офлайн, ал 100-ден аса жас ғалымдар онлайн қатысты.
Жас ғалымдар кеңесінің құрылуы жетекші жас ғалымдар тарапынан жылы қабылданып, өзекті сұрақтар мен мәселелерін көтеріп, ұсыныстарын білдіріп, 3 сағатқа жуық қызу талқыланды.
Басқосу соңында, жас ғалымдар өз ұсыныстарын жазбаша түрде қалдырды. Алдағы уақытта бір қатар ой-пікірлерге ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы толық жауап беретіні хабарланды.