2024 жылдың 19 наурызы күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Наурызнама онкүндігі аясында Жаңару күніне іс-шарасы орай жас ғалымдарға арналған «Ұлттық құндылық және қазақ ғылымы» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.
Семинар спикері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетінің аға оқытушысы, Ph.D доктор Тоқсанбаев Алмас Қорғаджанұлы Ұлттық руханият — ұлттық құндылықтар жүйесі мен адамзат дамуын нақты дәйектемелерге негіздейтін ғылым саласының бір-бірімен байланысы туралы баяндама жасады.
А. Тоқсанбаев өз сөзінде адамның өмірі үшін маңызды нәрсенің барлығы құнды болғаны әрқашан жақсы. Ұлттық құндылық деген сөз – өзіндік құндылығы мол басқа ұлттан бағзыдан қалыптасқан ерекшелігімен дараланып тұратын, ешқандай мәдениет, өркениетке жұтылып кетпейтін қандай заман болсада ұлттық болмысын сақтай алатын, халыққа ғана тән.
Ал, осы ұлттың құндылығын дәріптеуші, заман ағымына бейімдеуші, қажет болса қайта өңдеуші ол ғалымдар. Сол себепті, ұлттық құндылықпен қазақ ғылымы — егіз ұғым деп атап өтті.
Семинар спикері ұлттық құндылықты дәріптеуді әр бір отбасынан бастау мақсатында ұлттық құндылық және отбасы институты туралы ҚР Ұлттық ғылым академиясы платформасы негізінде, нақты, дәлелдеген ғылыми негіздеу үшін концепция әзірлеуді ұсынды. Бұл жұмыс академия жанындағы жас ғалымдармен екі-жақты ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылатыны келісілді.
Ғылыми семинар әлеуметтік гуманитарлық зерттеу саласындағы жетекші ғалымдар мен білікті мамандарды бір ортаға жинап, рухани және мәдени құндылықты сақтауда ғылымның атқаратын қызметі туралы ой бөлісуге мүмкіндік беретін алаңға айналды.