Әрбір қоғамның дамуы – ғылым мен білім салаларының қарышты қадамына байланысты. Бұл сөзімізге алдыңғы қатарлы дамыған елдердің тәжірибесі дәлел бола алады. Сондықтан, біздің елде де ғылым мен білімге деген қалыптасқан көзқарасты түбегейлі өзгертіп, отандық ғылымды жандандыратын кез жетті. Бұл үшін алда нақты қандай жұмыстар жүзеге асуы тиіс? Отандық ғылымның пәрменділігін қалай арттыра аламыз? Осы және өзге де сауалдарға ІІІ Ұлттық Құрылтай аясында Атырауға ат басын тіреген Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Президенті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Ақылбек КҮРІШБАЕВ жауап тосқан еді.
– Ақылбек Қажығұлұлы, Атырау өңіріне қош келдіңіз! Бүгінге дейін отандық ғылымның қарқынды түрде дами алмауының себебі неде? Алдымен әңгімемізді осыдан бастасақ…
– Рахмет! Қош көрдік! Сұрағыңыз өте орынды. Өкінішке қарай, тәуелсіздік жылдарында біз отандық ғылымды ұйымдастырудың заманауи жүйесін құра алмадық. Осы уақытқа дейін мемлекеттік орындардың жұмысының негізгі қағидаты – жылдам жеңістерге және жоғары жаққа табысты есеп беру үшін тез нәтижелерге қол жеткізу болды. Мемлекеттің басты басымдықтарынан тысқары қалған отандық ғылым мұндай жағдайда, әрине, тиісті түрде дами алмады.
Жасыратыны жоқ, қоғамда «қазіргі заманның Сәтбаевтары, Есеновтары, Марғұландары қайда?» деген орынды сауал туындауда. Егер қажетті технологияларды шетелден сатып аламыз деп, жылдар бойы өзіміздің ғалымдарымызды мойындамасақ, бізде ғылыми зерттеулерді қаржыландыру дамыған елдерге қарағанда 10, 20 және 30 есе аз болса, олар қайдан пайда болмақ?!
Соңғы уақытта ғана ғалымдарға тиісті назар аударыла бастады. Бүгінде елімізде ғылым мен білім беруді дамытуға бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетіліп жатыр.
Толық материал Атырау газеті сайтында, сілтеме бойынша: https://atr.kz/ulttyq-quryltaj/ulttyq-gylym-akademiiasynyn-prezidenti-aqylbek-kurishbaev-qazirgi-zamannyn-satbaevtary-qajda/