«Әлем таныған қазақтың Қаныш»Алматыда академик Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

10 сәуір күні Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы және «Қыр баласы» қоғамдық қорының ұйымдастырумен Қазақ ғылымының эталоны, көрнекті ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, академик, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай «Әлем таныған қазақтың Қанышы» атты еске алу кеші өтті.

Еске алу жиыны ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан «Қаныш – қазақ қазынасы» атты кітап және мерзімді басылымдар көрмесіне шолудан бастау алды.

Академик Қаныш Сәтбаевты еске алу кеші белгілі жазушы, Алаштанушы Елдос Тоқтарбай жүргізді. Сонымен қатар, жиынға Сәтбаевтанушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Сәтбаев университетінің тарихи музейінің бас маманы Аспандияр Әденұлы, белгілі ғалым, геология-миниралогия ғылымдарының докторы Оздоев Сұлтан және Қ. Сәтбаевтың немересі, химия ғылымдарының докторы, профессор, органикалық материалдар катализі зертханасының меңгерушісіЖармағамбетова Алима Қайнекеевна сынды ғалымдар қатысып, Қазақтың біртуар перзенті туралы тарихи естеліктермен бөлісті.

Жиында сөз алған ҚР Ұлттық ғылым академиясының пәнаралық ғылым орталығының директоры Қ. Алиханов «Отандық ғылымның ұйтқысы, Қаныш Имантайұлы алғаш негізін қалаған Ұлттық ғылым академиясы атынан еске алу кешінде сөз сөйлеу үлкен мәртебе екенін атап өтіп, Қ.И. Сәтбаев қалдырған баға жетпес мұраны дамыған елдер ғылымының озық үлгілерімен ұштастыра отырып, олардың артықшылықтары мен жетістіктерін біздің шындыққа бейімдеу негізінде пайдалану, қазірге Академия осы құндылықтар негізінде өз зерттеулері мен даму бағытын айқындауда!» – деп атап өтті.

Еске алу кешінде қаламыздың оқу орындарының білімалушылары мен мектеп оқушылары қатысып, «Қазақтың Қанышы» атты мәнерлеп өлеңдерін оқыды.