ҚР ҰҒА Академиктерін сайлау

ҚР ҰҒА Академиктерін сайлау

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының
академиктерін сайлау жөніндегі конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ ​

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 457 бұйрығына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлауға конкурс жариялайды.

Осы конкурс Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының келесі бөлімшелері бойынша бос орындарға жарияланды:

  • «Өмір және денсаулық туралы» ғылымдар бөлімі («Медицина және денсаулық сақтау» бағыты бойынша) 2 бірлік;
  • «Агробиоресурстар және экология» ғылымдар бөлімі («Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары» бағыты бойынша) 2 бірлік;
  • «Білім және қоғамды дамыту туралы» ғылымдар бөлімі («Әлеуметтік ғылымдар» және «Гуманитарлық және өнер ғылымдары» бағыттары бойынша) – 2 бірлік;
  • «Жер, Ғарыш және коммуникациялар туралы» ғылымдар бөлімі («Жаратылыстану ғылымдары» және «Инжиниринг және технология» бағыттары бойынша) 4 бірлік.

Құжаттарды қабылдауды бастау мерзімі: 2024 жылғы «11» қазан.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі: 2024 жылғы «24» қазан. (10 (он) жұмыс күні)

Жоғарыда көрсетілген Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген құжаттар әрбір беттің тізімдемесі мен нөмірленуі бар брошюра (тығыз түптеу) нысанында ұсынылады, оның соңғы бетінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының нақты орналасқан жері бойынша парақтар саны көрсетілген қорытынды жазба жасалады: Алматы қ., Шевченко к-сі 28, 3 қабат, каб. 69, пошталық мекенжайы: A05k3f0 (050012), Алматы қ., Шевченко к-сі, 28.

Құжаттарды қабылдау уақыты сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін.

Үміткер шет тілдінде ілеспе құжаттама мен баспа әдебиетін ұсынған жағдайда оларға қазақ немесе орыс тілдеріндегі тиісті бөлімдердің нотариалды куәландырған аудармасы қоса берілген жағдайда рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигіне сайлануға үміткерлер мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

1. Үміткерлерге қойылатын өлшемшарттар:

1) Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;

2) соттылықтың болмауы;

3) Заңға сәйкес «ғылым кандидаты», «ғылым докторы» немесе «философия докторы (PhD) дәрежесі», «бейіні бойынша доктор» және «қауымдастырылған профессор», «профессор» ғылыми атағының болуы;

4) үміткерде ғылыми-техникалық қызмет субъектісі аккредиттелген ғылыми ұйымда немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында (бұдан әрі – ұйым), штаттық кестеге сәйкес толық ставкада қызмет атқаратын және еңбек шарты бойынша өз міндеттерін іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктері мен функцияларын жүзеге асыратын, ұйымдарда кемінде 10 (он) жыл еңбек өтілінің болуы;

5) соңғы 10 (он) жылда:

«Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар», «Медицина және денсаулық сақтау» және «Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары» ғылыми бағыттары бойынша халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған және импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) және (немесе) 2 (екінші) квартильге кіретін жарияланған жылдағы жағдай бойынша кемінде 10 (он) жарияланымның болуы;

«Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік» ғылыми бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда жарияланған кемінде 10 (он) мақала мен шолулардың болуы;

«Әлеуметтік ғылымдар» және «Гуманитарлық ғылымдар және өнер» ғылыми бағыттары бойынша:

халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда және (немесе) Scopus (Скопус) Дерекқорында жарияланған жылы citescore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 50 (елу) болатын журналдарда және (немесе) сенімді баспалар жариялаған монографияларда және (немесе) кітаптарда тарауларда кемінде 4 (төрт) жарияланымның болуы;

ұйымның алқалы органы ұсынған кемінде 1 (бір) монографияның (үміткердің үлесі кемінде 6 (алты) баспа табағы) болуы шарт.

Монографиялар мен кітаптарға конференция, сессия, семинар және өзге де іс-шаралар материалдарын қамтитын жинақтар жатпайды.

Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс телефондарға хабарласуға болады

+7(727) 3647648

+ 7 775 943 03 05

+ 7 701 299 77 99

+ 7 707 511 52 84

+ 7 707 282 30 96

+7 771 501 47 17

Конкурстық рәсімдердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес қабылданған шешімге шағымдануға құқылы.

Ескертпе: ғылыми ұйымдар немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары өтінімдерді жіберу кезінде Қағидалардың 8 және
17-тармақтарын басшылыққа алуға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін ұйым (ғылыми ұйым немесе ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі аккредиттелген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы) қағаз форматында мынадай құжаттарды жолдайды:

 1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткерді ұсыну туралы ұйымнан ілеспе хат;

2) ұйымның алқалы басқару органының (ғылыми, қамқоршылық, педагогикалық, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) ғылыми-техникалық) үміткерді конкурсқа қатысуға мақұлдау және оның осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы шешімі;

3) ұйымды ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы қолданыстағы куәліктің көшірмесі (ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы куәлік);

4) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Академия академигі болып сайлануға арналған конкурсқа қатысуға 1 және 2 нысандар бойынша өтініш;

5) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6) құжаттарды тапсыру кезінде үміткерде соттылығының болуы не болмауы туралы құжаттарды қабылдау басталған күнге дейін 1 (бір) айға дейінгі мерзімде берілген анықтама;

7) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) бекітілген Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес берілген (танылған) ғылыми (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесінің болуын растайтын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6939 болып тіркелген) бекітілген Ғылыми атақтар беру қағидаларына сәйкес берілген (танылған) ғылыми атағының болуын растайтын (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) дипломдарының көшірмелері;

8) Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей ұйымның персоналды басқарудың тиісті қызметі куәландырған өтініш берушінің еңбек өтілі (жұмыс, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

9) өтініш берушінің критерийлерге сәйкестігін растайтын жарияланымдар мен монографиялардың (мақалалардың толық мазмұнымен тізімдемесі) көшірмелері;

10) үміткердің Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ немесе орыс тілдеріндегі бағдарламасы;

11) үміткерде белгіленген үлгідегі құжаттардың бар екенін растайтын көшірмелері:

ғылым және техника саласындағы халықаралық және (немесе) мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты атақтары;

Қазақстан Республикасының халықаралық ғылыми ұйымдары және (немесе) салалық уәкілетті органдары тағайындаған ғылым және техника саласындағы стипендия (стипендиялар);

кемінде 3 (үш) философия докторы (PhD) және (немесе) ғылым кандидаттары немесе ғылым докторлары (дипломдардың, тағайындау туралы бұйрықтардың көшірмелері және (немесе) үміткер ғылыми басшылықты жүзеге асырған ұйымдардың хаты) (бар болса);

шет елдердің ұлттық (мемлекеттік) ғылым академияларындағы мүшелігі (бар болса);

инновациялардың жаһандық индексінің өзекті рейтингінде интегралдық микросхемалардың өнертабысына, өнеркәсіптік үлгісіне, пайдалы моделіне, селекциялық жетістігіне немесе топологиясына арналған Қазақстан Республикасының қорғау құжаты (гуманитарлық ғылымдар үшін – зияткерлік меншік объектісіне белгіленген үлгідегі құжаттың болуы) және қорғау құжаттарына лицензиялық шарттардың көшірмелері (бар болса);

жаһандық инновациялар индексінің өзекті рейтингінде көшбасшы орын алатын 30 (отыз) елдің бірінің өнертабысына, пайдалы моделіне, селекциялық жетістігіне немесе интегралдық микросхемалар топологиясына шет елдің қорғау құжатын (гуманитарлық ғылымдар үшін-зияткерлік меншік объектісіне белгіленген үлгідегі құжаттың болуы) және қорғау құжаттарына лицензиялық шарттардың көшірмелерін (бар болса);

конструкторлық және (немесе) технологиялық құжаттама (бар болса);

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес толық ғылыми цикл жобасы (бар болса).

Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғылым академиясының
академиктерін сайлау қағидаларына
1 қосымша

Нысан

Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғылым академиясы

Ілеспе хат

«_______________________________________________» (ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып, ғылыми ұйымның немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының толық атауы)

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі болып сайлануға қатысуға келесідей ғылыми бағыт бойынша________________________________________ Ғылыми бағыттардың жіктеуішіне сәйкес бекітілген ғылыми бағыттардың сыныптауышына сәйкес ____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) азаматтың құжаттарын қарау туралы өтініш

Осы хатпен «___________________________________________________»

(ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып, ғылыми ұйымның немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының толық атауы)

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарының барлық талаптарына үміткер

__________________________________________________________сәйкестігін растайды.

тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Қосымша: парақта.

Ұйымның бірінші басшысы

Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

Қазақстан Республикасы Ұлттық
Ғылым академиясының
академиктерін сайлау қағидаларына
2 қосымша

 
1 Нысан
 
Бірінші басшыға (ұйымдық-құқықтық

нысанын көрсете отырып, лауазымның және

ғылыми ұйымның немесе жоғары және

(немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі

білім беру ұйымының толық атауы)

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі

болып сайлануға арналған конкурсқа қатысуға өтініш

 

Маған _____________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі болып сайлануға арналған конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.

Осымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарының талаптарына өзімнің сәйкестігімді растаймын және өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

1

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (нөмірі, қашан және кім берді, Жеке сәйкестендіру нөмірі)

 

2

Туған күні және жері

 

3

Жұмыс орны (қысқартуларсыз)

 

4

Ұйымның штаттық кестесіне сәйкес атқаратын лауазымның атауы (қысқартуларсыз) растайтын құжаттарды қоса отыра

 

5

Білімі (қай жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы)

 

6

Ғылыми дәрежесі / атағы (атауы, қашан және кім берді)

 

7

Марапаттар, мақтау қағаздары (мемлекеттік, ведомстволық)

 

8

Ғылыми бағыттардың Жіктеуішіне сәйкес деңгейі мен коды көрсетілген таңдалған ғылыми бағыт

 

9

Таңдалған ғылыми бағыт бойынша жарияланымдар мен монографиялар саны

 

10

Атақтардың, наградалардың, стипендиялардың, қорғау құжатының болуы (қашан және кім тағайындады)

 

11

Шет елдердің ұлттық (мемлекеттік) ғылым академияларына мүшелігінің болуы (қай кезеңнен бастап және қай деңгейде)

 

12

Ғылыми кеңесші және (немесе) басшы ретінде тиісті құжаттың мерзімі мен нөмірін көрсете отырып, кемінде 3 (үш) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаттары немесе ғылым докторларының даярлау тәжірибесінің болуы

 

13

ORCID (ОРСИД) (ғылыми авторларды сәйкестендірудің әріптік-цифрлық коды)

 

14

Researcher ID (Рисечер айди) (Web of Science (Веб оф Сайнс) базасындағы ғалымның идентификаторы)

 

15

Author ID (Автор айди) (Scopus (Скопус) базасындағы автордың бірегей нөмірі)

 

16

Толтыру уақытындағы Scopus (Скопус) Хирш Индексі

 

17

Толтыру датасына Web of Science (Веб оф Сайнс) Хирш Индексі

 

18

Электрондық мекенжайы

 

19

Тіркелген мекенжайы және тұрғылықты мекенжайы

 

20

Байланыс телефоны (үй, ұялы)

 

Жоғарыда көрсетілген барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

____________________________________________________________

(үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы, күні)

2 Нысан

Қазақстан Республикасының

Ұлттық ғылым академиясы

 

 

Өтініш

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес мен, _________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), Қазақстан Республикасының азаматы, жеке куәлік___________________________ (жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні және кіммен берілген), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) __________________________________________________________, ____________________ (нақты тұрғылықты мекенжайы), _____________________________________ (тіркеу орнының мекенжайы), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясына (бұдан әрі – Академия) және үшінші тарапқа, яғни қазіргі уақытта да, болашақта да академияның менің (мен туралы) дербес деректерімді жинау, өңдеу және қорғау жөніндегі мән-жайлармен немесе құқықтық қатынастармен, осы келісіммен регламенттелген мақсаттарда және дереккөздерде заңнамаға қайшы келмейтін тәсілдермен жинауға, өңдеуге және трансшекаралық тасымалдауға байланысты, оның ішінде Академияның қалауы бойынша Академияда бұрыннан бар немесе болашақта туындайтын кез келген еңбек, азаматтық-құқықтық және (немесе) құқықтық қатынастардың, менің (мен туралы) дербес деректерімді, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес болашақта оларда болып жатқан электрондық, қағаз және (немесе) материалдық жеткізгіште тіркелген өзгерістер және (немесе) толықтырулардың туындауына байланысты тұлғаларға келісім беремін.

Академия академигі болып сайлануға арналған конкурсқа қатысу кезеңі ішінде Академияға тиісті растайтын құжаттарды ұсына отырып, менің (мен туралы) дербес деректерімнің кез келген өзгерістері және (немесе) толықтырулары туралы Академияға жазбаша хабарлауға міндеттелемін.

Академия үміткердің дербес деректерін жинауды, өңдеуді және трансшекаралық тасымалдауды мынадай мақсаттар үшін жүзеге асырады:

1) Академияны ішкі бақылау және есепке алу үшін, сондай-ақ үміткердің және Академияның өз міндеттемелерін, оның ішінде тиісті конкурстар (шарттар, келісімдер) бойынша тиісінше орындауын бақылау және растау үшін;

2) Академияның құқықтарын қорғаудың сот және соттан тыс нысаны үшін:

тиісті мәмілелер (шарттар, келісімдер) бойынша міндеттемелер бұзылған жағдайда;

үшінші тұлғалармен даулы жағдайларды қоса алғанда, даулы жағдайлар туындаған жағдайда;

3) бұқаралық ақпарат құралдарында және жалпыға қолжетімді дереккөздерде деректерді орналастыру үшін жүзеге асырады.

Осы келісіммен:

1) осы келісім Академиямен барлық қатынастарға, оның ішінде осы келісім берілген кезде қалыптасқан және (немесе) туындайтын, оның ішінде болашақта туындайтын қатынастарға қолданылатынын;

2) осы келісіммен Академияға үшінші тұлғалардың менің дербес деректеріме қол жеткізу шарттарын дербес айқындауын; заңнамаға сәйкес дербес деректердің жалпыға қолжетімді көздерінде дербес деректерді таратуын;

3) Академия дербес деректерді жинау, өңдеу және трансшекаралық тасымалдау кезінде үміткердің хабарламасын талап етпейтінін;

4) осы келісім Академияда үміткердің дербес деректерін жинауға, өңдеуге және трансшекаралық тасымалдауға қажетті өкілеттіктердің бар екендігінің дәлелі ретінде үшінші тұлғаларға берілетінін;

5) осы келісім Қазақстан Республикасының заңнамасында регламенттелген жағдайларда жазбаша нысанда ресімделген тиісті өтініштің негізінде кері қайтарылатынын, ол академияға осы келісім кері қайтарылған күнге дейін кемінде 15 (он бес) жұмыс күні бұрын жіберілетінін.

Бұл ретте, осы келісім Заңда көзделген жағдайларда, сондай-ақ Академия алдында мен орындамаған міндеттемелер болған кезде кері қайтарылмайтынын;

6) егер мен және академия арасында жасалған тиісті шартта немесе мәмілелерде Академияның дербес деректерді ашық байланыс арналары арқылы беруі көзделген немесе көзделсе, мен оларды үшінші тұлғалардың рұқсатсыз алу тәуекелін түсінемін және осындай тәуекелді өзіме қабылдаймын;

7) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, байланыс ақпараты (телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы), портреттік бейнесі (фотосуреті) бар дербес деректер жалпыға қолжетімді, яғни оларға қол жеткізу еркін болып табылатынын;

8) Академия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда үміткердің келісімінсіз дербес деректерді жинауды, өңдеуді және трансшекаралық беруді жүргізетінін;

9) дербес деректерді жинау, өңдеу тізбесі мен тәртібін белгілейтін Академия актілерімен танысқанымды және осындай тәртіппен келісетінімді;

10) Академия заң талаптарын және (немесе) осы келісімде қол жеткізген шарттарды сақтаған жағдайда, болашақта менің (мен туралы) дербес деректерімді жинауға, өңдеуге және трансшекаралық беруге қатысты Академияға қандай да бір наразылықтарым болмайтынын растаймын.

Осы келісімнің мәтінін мен толық түсінемін, толықтырулар, ескертулер мен қарсылықтар жоқ.

_______________________                                                     _________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)                           (күні, қолы)

Анықтама: әр парақ үміткердің қолымен расталады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық

Ғылым академиясының

академиктерін сайлау қағидаларына

3 қосымша

Нысан

ҮМІТКЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК ПРЕТЕНДЕНТА 

 

I. ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР

ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

 

Фото 3х4
____________________________________________________
 
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/ фамилия, имя, отчество (при его наличии)
__________________________________________
 
(жұмыс орны, лауазымы, / место работы, должность)
_____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі/ индивидуальный идентификационный номер)
Туылған күні (күнi, айы, жылы)/
Дата рождения (число, месяц, год)
 
Меняли ли фамилию/имя/отчество с указанием предыдщуего, номера и даты соответствующего решения 
Туылған жерi/Место рождения 
Ұлты/Национальность * 
Семейное положение 
Бiлiмi/ОбразованиеЖоғары және (немесе) жоғары оқу орныан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірген жылы /
Год окончания организации высшего и (или) послевузовского образования
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi/
Квалификация по специальности
Оқу орнын атауы/ Наименование учебного заведения  
Ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы/
Ученая степень, ученое звание
Наименование ученой степени/ ученого званияКогда и кем присуждена с указанием номера и даты решения
Шет тiлдерiн бiлуi/ Владение иностранными языками  
Дипломатиялық дәрежесi/ Дипломатический ранг  
Әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi/ Воинское, специальное звание, классный чин  
Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары/
Государственные награды, почетные звания
  
Тәртiптiк жазалар туралы мәлiмет/
Сведения о дисциплинарных взысканиях
  
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жазалар қолданылғаны туралы мәлiмет/
Сведения о дисциплинарных взысканиях за совершение коррупционного правонарушения
  
Аттестациядан өткен күнi және нәтижелерi/
Дата и результаты аттестации
  

Қайта даярлау (қайта мамандану) және біліктілігін арттыру курстарынан өткен күні/

Дата прохождения курсов переподготовки (переквалификации) и повышения квалификации

  
Шет елдердің ұлттық (мемлекеттік) Ғылым Академияларына мүшелігінің болуы/ Наличие членства в национальных (государственных) академиях наук зарубежных стран  
  1. ЕҢБЕК ЖОЛЫ
    ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/ДатаЛауазымы, жұмыс орны,
ұйымның орналасқан жерi /
Должность, место работы,
местонахождение организации
№ и дата документа о приеме на работу№ и дата документа об освобождении от должности
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
     
     
     
     
     
     

III. ҒЫЛЫМ ЖОЛЫ
НАУЧНАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Наградалар/ Награды

Атауы/

Наименование

Құжаттың нөмірі мен күні/

Номер и дата документа

Гранттар/ Гранты

Атауы, іске асыру мерзімі, кім берді

Наименование, срок реализации, кем присуждены

Берілген құжаттың нөмірі мен күні

Номер и дата документа о присуждении

Жетістіктер/ ДостиженияАтауы, кім берді/Наименование, кем присуждено

Берілген құжаттың нөмірі мен күні

Номер и дата документа о присуждении

Жарияланған жұмыстар/ Опубликованные работы  
Ғылыми тағылымдамалар/ Научные стажировки  
Оқытушылық қызмет тәжірибесі/ Опыт преподавательской деятельности  
Зерттеу қызметінің тәжірибесі/ Опыт исследовательской деятельности  

_______________________________________ (лауазымы/должность) _______________________________________

(Тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)/Фамилия, имя и отчество (при его наличии)

Қолы __________________ _______ жыл «__» _____________ айы

Подпись________________ «__» ____________месяц ________год

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 457 бұйрығы

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктарын сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы