Алматы, 2024 жылғы 30 мамыр – Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы (TURKSOY) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Меморандумда көші-қонды, мәдениет пен өркениетті зерттеу, далалық зерттеулер мен ауызша тарихты зерттеу, қалалық, экологиялық зерттеулер және басқа да салалардағы бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруды қамтитын ынтымақтастықтың кең ауқымы көзделген.
Меморандумға қол қою рәсімі Қырғызстанның халық жазушысы, Тоқтағұл атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты және TURKSOY Бас хатшысы Сұлтан Раевтың «Көкжал» кітабының тұсаукесері аясында өтті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы атынан Вице-президент Абай Серікқанов қатысты. Тараптар қол қойылған меморандум бірлескен даму мен мәдени және ғылыми жетістіктерді өзара байыту жолында маңызды қадам болатынына сенім білдірді.