«INCREASE: Қоғамның климат өзгерісіне төтеп беру қабілетін арттыру» тақырыбында халықаралық семинар өтті

2024 жылдың 07 маусымы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясы Германияның Федералдық білім және зерттеу министрлігімен (BMBF) бірлесіп, «INCREASE: Қоғамның климат өзгерісіне төтеп беру қабілетін арттыру» тақырыбында халықаралық семинар өткізді.

Іс-шара «INCREASE» жобасы аясында Германиядан 10 ғылыми институттар мен серіктес ұйымдардың 15 өкілін біріктірді. Сондай-ақ, отандық ЖОО, ғылыми институттар, азаматтық қорғаныс және қала жоспарлау ұйымдарынан 30-дан астам қатысушылар болды.

Германиядан Қазақстанға келген қонақтардың сапарының бірнеше мақсаты бар. Олардың бірі – Орталық Азияда (Қазақстан және Қырғызстан) табиғи қауіптер мен тәуекелдерді анықтау, сондай-ақ болашақ ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау. Сонымен қатар, INCREASE жобасының алдын ала нәтижелерін халықаралық сарапшыларға таныстыру және олардың қолданылуы және одан әрі қажеттіліктері жөнінде пікір алу маңызды болып табылады.

Семинар глобалдық климаттық өзгерістер контекстінде көптеген қауіптерге байланысты инклюзивті және интегралды тәуекелдерді басқару стратегияларын талқылауға арналды. Іс-шара барысында қатысушылар тәуекелдерді алдын алу мен азайту, сондай-ақ қоғамның төтеп беру қабілетін арттыру жөнінде тәжірибе жұмыстарымен бөлісті.

Семинар барысында Германия мен Қазақстаннандағы жұмыстардың үлгілерін көрсететін әр түрлі баяндамалар мен зерттеулер ұсынылды. Сондай-ақ, «INCREASE Кешенді табиғи апат тәуекелдері. Басқаруды Орталық Азияға ауыстыру» атты воркшоп өткізілді.

Іс-шара Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында өткізіліп, талқыланған тақырыптардың академиялық маңыздылығын да атап өтті. Семинарға қатысушылар ғылыми институттар мен ерікті қауымдастықтардың бірлескен күш-жігері климаттық сын-қатерлерге дайындық пен жауап шараларын арттыра алатынына сенім білдірді.

Іс-шара INCREASE жобасы аясында әр түрлі елдердің ғалымдары мен мамандары арасындағы ынтымақтастықты жалғастыруға және климаттық тәуекелдерді басқаруда жаңа инновациялық тәсілдерді әзірлеуге негіз болды.