2024 жылғы 11 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы «Өмір және денсаулық туралы ғылым» бағытында форсайт-сессиясын С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өткізілді. Форсайт-сессияға жетекші ғалымдар, республиканың салалық қауымдастықтары мен медициналық ұйымдарының өкілдері қатысты.
«Өмір және денсаулық туралы ғылым» бағытындағы сессия барысында генетикалық технологиялар, жасанды интеллектті қолдану, үлкен деректерді зерттеу және суперкомпьютерлер сияқты негізгі бағыттар талқыланды. Сондай-ақ цифрлық егіздер, белсенді ұзақ өмір сүру технологиялары (Agetech), аралас технологиялар, микроорганизмдерді зерттеу, эпидемиологиялық және фармацевтикалық зерттеулер мәселелері қозғалды.
Форсайт-сессияға қатысушылар Өмір мен денсаулық саласындағы ғылымды дамытудың ұлттық стратегиясы мен ұзақ мерзімді жоспарын әзірлеу қажеттілігіне назар аударып, ғылыми зерттеулер жүргізудің басым технологиялары мен тақырыптары, сондай-ақ Қазақстандағы бағытты дамытудың сын-қатерлері мен кедергілері бойынша ұсыныстар әзірледі.
Ғылымды дамытудың аймақтық мәселелері және ғылыми зерттеулерді этикалық реттеу, стандарттау мәселелері,көтерілді.
Форсайт-сессияның нәтижелері гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды бөлуде, сондай-ақ ғылыми-технологиялық даму бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу кезінде басымдықтарды негіздеу үшін пайдаланылатын болады.