2024 жылғы 13 маусымда Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT университетінің базасында ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының жанынан құрылған «Көлік» ғылыми бағыты бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырыс аясында ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Алматы қаласына келген іс-сапарындағы жол-көлік саласы бойынша берген тапсырмалары және Жолдауы талқыланды. Сонымен қатар, жұмыс тобының мүшелері «Көлік» басымдығы үшін Форсайттық зерттеулер, мегагрантты дайындау, ұлттық баяндаманы дайындауға мағлұматтар жинау және де әуе көлігінің өзекті мәселелерін (оның проблемалары және оларды шешу жолдары) қарады. Бұдан басқа, жұмыс тобының мүшелері «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетінің тұжырымдамасы мен дамуын жетілдіру» бойынша ұсыныстарды талдау және әзірлеу бойынша жұмысты бастады.