2024 жылдың 21 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы «Ақпараттық—коммуникациялық технологиялар» және «Ғарыштық технологиялар» бағыттары бойынша форсайт сессияларын Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өткізді. Сессияға ҚР ҒЖБМ вице—министрі Д.Р.Щеглова, еліміздің жетекші IT және ғарыш компанияларының басшылары, ғылыми қызметкерлер, салалық қауымдастықтар өкілдері қатысты.
Сессияға қатысушылар АКТ және ғарыштық технологиялар саласындағы ғылымды дамытудың ұлттық стратегиясы мен ұзақ мерзімді жоспарын әзірлеу қажеттілігіне баса назар аударды, ғылыми зерттеулердің перспективалық бағыттарын, сондай—ақ, Қазақстанның ғарыш секторындағы АКТ мен ғарыштық технологияларды дамытудағы қиындықтар мен кедергілерді талқылады.
Форсайт сессияларының нәтижелері гранттарды бөлу және бағдарламалық—нысаналы қаржыландыру бойынша басымдықтарды негіздеу үшін, сондай—ақ ғылыми—техникалық даму бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.