2024 жылдың 26 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Павлодар облысының әкімдігімен бірлесе, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қабырғасында кезекті форсайт-сессиясын өткізді.
Форсайт-сессияда әкімшілік жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі өңірлік Кеңестің қызметі, форсайттық зерттеулерге ғылыми-академиялық сала өкілдерінің, өндіріс және жергілікті басқару органдарының қатысуы және «Су ресурстарын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін ұтымды пайдалану, экология» бағытында ғылыми зерттеулер жүргізудің басымдықтарының сын-қатерлер мен ықтималды мәселелері талқыланды.
Сессия жұмысына жергілікті атқарушы орган өкілдері, университет басшылары, жетекші зерттеушілер, кәсіпорындардың басшылары, ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.
Форсайт-сессияның нәтижелері гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды бөлу бойынша басымдықтарды негіздеу үшін, сондай-ақ ғылыми-технологиялық даму бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.