Ағымдағы жылдың 23-26 тамызында Ташкент пен Самарқандта өткен «Ұлы бабалар мұрасы — үшінші Қайта өрлеу дәуірінің негізі» атты VIII Халықаралық конгресінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған әлемнің 35 елінен 300-ге жуық ғалымдар, мамандар, зерттеушілер қатысты. Өзбекстандағы ислам өркениеті орталығының директоры, Өзбекстанның мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және насихаттау жөніндегі дүниежүзілік қоғамның басқарма төрағасы Фирдавс Абдухаликов кіріспе сөз сөйледі.
Іс-шараға ИРСИКА, АЙСЕСКО, ТҮРКСОЙ, «Аль-Фуркан» қорының, Халықаралық Түркі академиясының басшылары, Дүниежүзілік ислам лигасының және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Хайриддин Султанов «Ұлы бабалар мұрасы — үшінші Қайта өрлеу дәуірінің негізі» VIII Халықаралық конгреске қатысушыларға Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің құттықтау сөзін оқып берді. Мемлекет басшысының жолдауында «Конгрессте ағымдағы және болашақ ғылыми бағдарламалар мен жоспарларды талқылау ерекше назар аударуға лайық» деп атап өтілді. Сондай-ақ құттықтауда «негізгі ғылыми зерттеулер бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми жобаларды жүзеге асыру шаралары сөзсіз өзара ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар ашады» деп көрсетілген.
Конгресстің ашылу салтанатында Ислам тарихын, өнерін және мәдениетін зерттеу орталығының (ИРСИКА) директоры, WOSCU басқарма мүшесі Махмұд Эррол Кылыч, Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) төрағасы, Дүниежүзілік қоғамның басқарма мүшесі Сұлтан Раев, Дүниежүзілік ислам лигасының конференциялар және іс-шаралар жөніндегі директоры доктор Шакир Салех, Конгресстің ақпараттық серіктесі CNN-нің коммерциялық директоры Имран Ахмад, ЮНЕСКО жанындағы АЙСЕСКО делегациясының басшысы доктор Сомия Жакта Бухадеф, Францияның Араб әлемі институтының директоры Натали Бондиль, Түркия Ғылым академиясының президенті доктор Музаффар Шекер, Ресей Ғылым академиясының Шығыс қолжазбалар институтының директоры Ирина Попова, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Пәнаралық ғылымдар орталығының бас ғылыми қызметкері Күлтай Адилова, «Әл-Фуркан» Ислам мұра қорының менеджері, WOSCU кеңесінің мүшесі доктор Сали Шахсивари, Катар Ұлттық кітапханасының директоры доктор Тан Хусим, Ресей Федерациясы Мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Дамир Мұхетдинов сөз сөйледі. Спикерлер қатысушыларға ынтымақтастық жобалары туралы қысқаша айтып берді.
Ашылу салтанатынан кейін Халықаралық конгресстің пленарлық отырысы өтті. Ғылыми қызметкерлер Ислам өркениеті орталығының және шетелдік дизайнерлердің мұражайлар мен Имам әл-Бухари орталығының көрмелерінің тұжырымдамаларын таныстырды. Ұлттық сарапшылар Ислам өркениеті орталығы мен Имам әл-Бухари мұражайының көрмелері бойынша бейнероликтерді қоса алғанда, бірлескен жобаларды ұсынды.