2024 жылғы 19 тамызда ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясында, Академия басшылығы мен ғылыми ақпараттық шешімдерге маманданған Elsevier компаниясының өкілдері арасында кездесу өтті.
Elsevier делегациясынан Түркия, Катар және Орталық Азия аймақтық менеджер Yasemin Solay, клиенттерге қызмет көрсету жөніндегі менеджер Saide Sak және informascope өңірлік директоры Bakdaulet Yerkhanov қатысты. Ұлттық Ғылым академиясының атынан кездесуге вице-президент Ләззат Тасболатқызы Ералиева, ғылыми және ғылыми-техникалық даму талдау орталығының басшысы Болат Нұрланұлы Кеңесов және т. б. қатысты.
Кездесудің күн тәртібінде «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң контекстінде Ұлттық ғылым академиясының даму стратегиясы мен Қазақстандағы ғылыми зерттеулердің сапасын, нәтижелілігін және әсерін арттыру саласындағы ынтымақтастық талқыланды. Scopus-та индекстелген журналдардың сапасын қамтамасыз етуге, сондай-ақ журнал көрсеткіштерінің объективтілігіне қатысты мәселелер көтерілді. Сондай ақ Ұлттық ғылым академиясының талдау жұмыстарын жүргізу және қазақстандық ғылым көрсеткіштерін басқа елдермен салыстыру үшін Elsevier құралдарын пайдалану мәселелері талқыланды. Тараптар Академия қызметкерлері мен Қазақстан зерттеушілері, жас ғалымдары үшін тренингтер өткізу мүмкіндігі туралы келісті.