Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономика салаларының инновациялық әлеуетін күшейту бойынша ауқымы зор және аса жауапты міндеттер қойды.
Бұл тапсырмаларды жүзеге асыруда отандық ғылымға да ерекше маңызды міндет жүктелді. Ғылымның күш-қуаты ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға, зерттеу қызметіне бөлінген қаражатты ұтымды пайдалануға, олардың нәтижелерін өндіріске енгізуден тиісті табыс алуға бағытталуға тиіс. Бұл ретте жаңадан қайта құрылған, еліміздің жоғары ғылыми ұйымы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы жетекші рөл атқарады.
3 қыркүйек 2024 жыл
Ақылбек КҮРІШБАЕВ,Ұлттық ғылым академиясының президенті
Толық мақала сілтемесі: https://egemen.kz/article/371367-otandyq-ghylymgha-serpin-beredi