Ташкентте «Жібек жолы: туризм арқылы ынтымақтастық» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

2024 жылдың 10-11 қазанында Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында «Жібек жолы: туризм арқылы ынтымақтастық» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияға ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы, Өзбекстан Республикасының экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі, туризм комитеті, туризмді дамыту ғылыми-зерттеу институты, «Жібек жолы» халықаралық туризм және мәдени мұра университеті, Өзбекстан Халықаралық ислам академиясы, Ташкент мемлекеттік Шығыстану университеті, Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті, Алтай мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы) және «Science and Innovation» халықаралық ғылыми журналдың өкілдері қатысты.

Ғылыми конференция жұмысына Әзірбайжан, Египет, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Сингапур, АҚШ, Тәжікстан, Түркия және Жапониядан 250 жуык шетелдік және отандық сарапшылардың баяндамалары ұсынылды, сондай-ақ туризмді дамытудың заманауи сын-қатерлері мен перспективалары талқыланды.

Іс-шара барысында конференцияның өтуіне қолдау көрсеткен негізгі спикерлерге туризмді дамытуға және мәдени мұраны сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін «Туризмді дамыту ғылыми-зерттеу институтының Құрметті профессоры» дипломдары табысталды.

Марапатталушылардың қатарында іс шараға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы атынан қатысқан Пәнаралық ғылымдар орталығының бас академиялық қызметкері Күлтай Әділовада бар.

Қатысушылар Жібек жолындағы тарихи және экономикалық үдерістерді талқылап, оның туризм мен халықаралық байланыстарды дамытудағы маңызын атап өтті. Талқылаулар мәдени мұраны әлеуметтік-экономикалық өсуге пайдалану, тұрақты туризмді құқықтық реттеу, «жасыл» технологияларды енгізу, сондай-ақ туризммен байланысты экологиялық сын-қатерлер мен қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды сақтаудың бірлескен шараларын қамтыды.

Пленарлық отырыста сөз алған Күлтай Әділова Жібек жолында қалыптасқан тарихи процестерге тоқтылып өтіп, екі ел арасындағы ғылыми бағытты дамтуда туындаған мәселелердің шешуге деген ұсыныстарға тоқталды.

Жібек жолының көп ғасырлық ынтымақтастықтың символы ретіндегі маңыздылығы орасан зор, сол себепті осы бірегей кеңістікті сақтау үшін күш-жігерді біріктіру қажетпіз, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы жаңа мәртебеге ие бола отырып, осы бағыттағы ғылыми зерттеулерді қолдауға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға басымдық береді.

Пленарлық отырыс жұмысы Жібек жолы бойындағы туризмді дамытудың негізгі бағыттарына арналған секциялық отырыстармен жалғасты. Секциялық отырыс барасында 50 спикердің баяндамасы тындалып, тұрақты туризмді құқықтық реттеу, мәдени мұраны сақтау, экологиялық таза технологияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытында туындаған мәселелерді талқылады.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы қорытындысы негізінде аймақтың туристік әлеуетін одан әрі дамыту және елдер арасындағы серіктестік байланыстарды нығайту жөніндегі мемлекетаралық қатынастарыға негізделген жұмыс жоспары әзірленетін болады.