Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Басқарма Президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы отандық тамақтану және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясат негізінде өзінің ғылыми-өндірістік қызметін жүзеге асыратын Қазақ тағамтану академиясына барды.
Кездесу барысында Қазақ тағамтану академиясы Президенті Шарман Алмаз Төрегелдіұлымен және ұйым ұжымымен, тамақтану саласындағы туындаған мәселелер және оларды тиімді шешу жолдары, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысы, ғылыми жобаларды әзірлеу мен оларды коммерцияландыру және енгізу жұмысындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Author
Канат Оразалиев