«Еуразиялық ғылыми-инженерлік қоғамдастығы алдындағы төртінші өнеркәсіптік революцияның сын-қатерлері» форумы

2024 жылдың 11 қарашасында Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы аясында «Еуразиялық ғылыми-инженерлік қоғамдастығы алдындағы төртінші өнеркәсіптік революцияның сын-қатерлері» атты форумның алғашқы күні өтті

Айтулы іс-шараға ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Парламентінің Сенатының депуттары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Салтанатты іс шара көрнекті ғалым, ұлы геолог Қ. Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды.

Шара барасында Сәтбаев университетінің 90 жылдығына орай жаңа технологиялық FabLab SU ғылыми зерттеу орталығы ашылды. Fab Labs зертханалары көбіне жобалау және практикалық STEM-білім беру платформасы ретінде жиі пайдаланылады. Желі бүкіл әлем бойынша инженерлер мен өнертапқыштар арасында өзара білім алмасуды қолдау арқылы инклюзивті дамуға белсенді түрде ықпал етеді.

Ашылу салтанатында зертханалық объектілерді құру, идеядан бастап, оны іске асыруға дейінгі бүкіл өндірістік циклды өткеру және содан практикалық терең білім алу арқылы оқыту жүйесі таныстырылып, ғылым мен білімді өндіріспен байланыстыру үшін меморандумға қол қойылды.

Жаңа технологиялық зертханасын ашуға Қазақстанда бірегей техникалық кеңістік құрған Lenovo, KazTechInnovations және Best Vision Technologies секілді көптеген жетекші компаниялар атсалысты.