Баспасөз баяны

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі – ҚР ҰҒА) мен Болгария ғылым академиясы (бұдан әрі – БҒА) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарлануда. Тараптар ғылымды ілгерілетудегі ортақ ұмтылысты басшылыққа алып, бірлесе іс атқармақ.

ҚР ҰҒА мен БҒА меморандум негізінде ұзақтығы 3 жылдан аспайтын жобаларды жүзеге асырады. Сондай-ақ, ақпарат пен ғылыми жарияланған жазбалармен алмасып, ғылымды дамытуға бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізеді. 

Құрметті БАҚ өкілдері, ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА ғылымды дамыту үшін жаһандық ғылыми қауымдастықпен тығыз байланыс орнатпақ. Болгария ғылым академиясымен ынтымақтастық келісім болашақ үшін маңызды. Сондықтан осы шараның қадірлі қонағы болып, ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз! 

Уақыты: 08 маусым 2023 жыл, сағ 16:00

Мекен-жайы: «QazExpoCongress», Астана қаласы, Гейдар Әлиев көшесі 44, басты кіреберіс Ақмешіт көшесінен (бұрынғы Сауран көшесі)

Байланыс: Арман Құдайберген – ҚР ҰҒА Баспасөз хатшысы, +7 707 266 66 95

05.06.2023