2024 жылы ғылымды дамыту мақсатында «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданды. Ғалымдардың мәртебесін арттырып, ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысын көтеру, ғылыми зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының мемлекеттік сатып алу үрдісіне қатысуын қамтамасыз ететін құқықтық тетіктер жасалды.
Бүгінде елімізде ғылыми зерттеулер және әзірлемелерді іске асырумен 400-ден астам ұйым айналысса, ғылымның әлеуетін арттыруға үлес қосып жатқан ғалымдар саны 25 мыңнан асады.
Сарапшылар ғылыми зерттеулерге кедергі болып отырған басты мәселе ғылыми зерттеу кешеннің жетіспеушілігі, заманауи зертханалардың тиісті деңгейде жабдықталмауы екенін айтады. Өнертабыс нәтижелерін коммерцияландыру да көкейкесті болып отыр. «Ourworldindata» деректер базасында Қазақстанда ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысына бөлінетін қаржы көлемі ІЖӨ 0,5 пайызын құрайтын болса, орташа деңгейдегі елдерде бұл көрсеткіш – 1,9, дәулетті елдерде 3 пайызды құрайды.
Мақаланың толық мәтін сілтеме бойынша: https://egemen.kz/article/379155-ghylymgha-ashyqtyq-pen-ayqyndylyq-manhyzdy
01 Қаңтар, 2025