«Медиа этика және ғылыми журналистика» ғылыми академиялық семинар өтті

2025 жылдың 24 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті  қабырғасында «Медиа этика және ғылыми журналистика» тақырыбында ғылыми академиялық семинар өтті.

Ғылыми академиялық семинар спикері танымал журналист, «Abai TV» телеарнасы «Сана» бағдарламасының жүргізушісі, Қ.А.Ясауи атындағы  Халықаралық қазақ-түрік университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD Ергебеков Молдияр Амангелдіұлы «Медиа этика және ғылым журналистикасы» тақырыбында баяндама жасап, ғалымдардың ғылым журналистикасымен айналысуының, ғылым журналистикасының хабарын қоғамға жеткізудегі журналистік нормалар мен стандарттарды сақтаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Сонымен қатар,  ғалымдардың ғылыми зерттеулері мен қол жеткізген нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында (сұхбат, интервью, имидждік мақала) жариялау және әлеуметтік желілерде жариялым (посттар) жазуының қоғамға пайдасы туралы талқылады.

 Семинарға 300-ден астам жас ғалым  оффлайн/онлайн форматта қатысып, тақырыпқа қызығушылығын білдіріп, спикерге сұрақтар қойып, өз салаларына қатысты ой-пікірлерін білдірді. 

Семинар соңында, Академияның пәнаралық ғылымдар орталығының директоры Қуантар Алиханов ғылымды насихаттауға қосқан зор үлесі үшін Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған төсбелгісін семинар спикері Молдияр Ергебековке, Абай TV каналының Сана бағдарламасының журналистері Айзада Жаманкулова мен Әлібек Қисыбайға және жазушы, драматург, сыншы, әдебиеттанушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан авторлары қоғамының мүшесі Әлібек Байболға  табыстады.

Семинар спикері Ергебеков Молдияртың презентациясы: https://docs.google.com/presentation/d/1IoQNG6HWmR98cra07x1LVjLnvGNqnbhB/edit?usp=sharing&ouid=105399273027662686708&rtpof=true&sd=true

«Медиа этика және ғылыми журналистика» ғылыми академиялық семинарының видеосы: https://us06web.zoom.us/rec/share/x6DbAZaybkOMKdUh4wGNO9dVVnqjh_5wz8LQMP2CK_SGduJgjLMtFGVLy6jHEGnH.anwZRarQA5jZ2EpK