Баспасөз хабарламасы

Ғылым күшіне сүйене отырып табиғаттың заманауи сынақтарына қарсы тұру

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде Ақмола облысының Шортанды ауылында А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының базасында «Ауыл шаруашылығын табиғи апаттарға бейімдеудегі аграрлық ғылымның рөлі» тақырыбында ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысы өтеді.

Қазір бәріміз климаттың қаншалықты тез өзгеріп жатқанына куә болып отырмыз, Қазақстан эклологиясы құрғақшылықпен қоса, сонымен қатар су тасқыны мен басқа да катаклизмдер бетпе-бет келуде, бұл табиғи апаттар ауыл шаруашылығына елеулі әсер етіп, орасан зор шығынға ұшыратады. Мұндай жағдайда аграрлық ғылымның рөлi мен маңыздылығын арттырады, ол қазiргi бар мәселелердің ғана емес, сонымен бiрге болашақ мәселелердің да оңтайлы шешiмдерiн жедел ұсынуға және сол арқылы саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуі тиiс.

Бүгінде дәл осы тәсіл барлық технологиялық дамыған елдерде ғылымды дамытудың негізгі бағыты болып табылады, онда мемлекет ғылыми зерттеулерді белсенді қолдайды.  Біз жаһандық табиғи сын-қатерлер жағдайында аграрлық ғылымды басымдықпен дамыту қажеттілігі туралы қарапайым шындықты әлі толық түсінген жоқпыз.

Академия Президиумының көшпелі отырысы барысында ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеулерін ұйымдастыру жүйесін өзгерту, технологиялық көшбасшы елдердің тәжірибесіне сәйкес ҰАҒББО (НАНОЦ) басқарушы компаниясының қызметін өзгерту, ауыл шаруашылығы және су ресурстарын басқару саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлауды жетілдіру мәселелері қаралып, жас ғылыми кадрларды аграрлық ғылымға тарту үшін қажетті жағдайлар жасау және жаһандық табиғи сын-тегеуріндер жағдайында агроөнеркәсіп кешенін ғылыми қамтамасыз ету жүйесін дамытуға байланысты басқа да мәселелер талқыланатын болады.

Президиум отырысында ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Басқарма Президенті А.А.Күрішбаев, ҰАҒББО (НАНОЦ) АҚ Басқарма Төрағасы Б. Касенов, БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының жене Дүниежүзілік банктің халықаралық сарапшысы А. Моргунов, Ұлттық ғылым академиясының бас ғалым хатшысы И. Тоқбергенов, Парламент депутаттары, салалық министрліктердің вице-министрлері, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) Қазақстан Республикасындағы байланыс және әріптестік бюросының басшысы, Дүниежүзілік банктің Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі, агробизнес өкілдері және аграрлық ғылымның жетекші ғалымдары сөз алып, баяндама жасайды.

Ұлттық ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысының қорытындысы бойынша аграрлық ғылымды дамыту және кадрларды даярлау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті аналитикалық жазба дайындалатын болады.

Өтетін күні: 2024 жылдың 19 сәуірі (жұма), уақыты: 10.00 сағ.

Өтетін орны: А. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО.(Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Научный кенті, Бараев көшесі, 15).

Жиналу орны, уақыты: 19 сәуір сағат 08.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің (Жеңіс көшесі, 62) бас оқу ғимаратының алдында қатысушаларды тасымалдау үшін микроавтобустар тұратынын хабарлаймыз.

Жауапты тұлға: Әлиханов Қуантар Дәуленұлы (+7 775 943 0305 Whatsapp)