Иммундау бойынша кеңейтілген бағдарламаның 50 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2024 жылдың 18-19 сәуірінде Еуропалық иммундау апталығы аясында Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастыруымен Иммундау бойынша кеңейтілген бағдарламаның 50 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аталған ғылыми шарада медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Вице-президенті Ләззат Тасболатқызы Ералиева құттықтау сөз сөйлеп, баяндама жасады.
Іс-шараға қатысушылар қызылша, ротавирустық инфекция, тұмау, көкжөтел, адам папиллома вирусы инфекциясы сияқты ауруларға және ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін кешенді тәсіл мен алдын алу мүмкіндіктеріне назар аудара отырып, Қазақстан Республикасындағы вакцинамен басқарылатын инфекциялардың эпидемиологиялық ерекшеліктерін талқылады.