Металлургия және кен байыту институтындағы кездесу

2024 жылғы 23 сәуірде ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Басқарма Президенті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне (Satbayev University) қарасты Металлургия және кен байыту институтының қызметі, ғылыми-техникалық әлеуеті, материалдық-техникалық базасымен, ғылыми зертханалары және ғалымдарының әзірлемелерімен танысып, институттың кадрылық құрамы оның ішінде жас ғалымдарымен кездесті.
Металлургия және кен байыту институты – Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты байыту, металлургия және материалтану саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді, сондай-ақ студенттердің, магистранттар мен докторанттардың оқу және ғылыми-зерттеу тәжірибесіндегі білім беру қызметін жүзеге асыратын ірі ғылыми орталық болып табылады.
Институтта өңделген технологияларға сынақ жүргізу үшін тәжірибелік-эксперименттік металлургиялық өндірісі бар.
Маллургия және кен байыту институты техникалық — экономикалық негіздемелерді әзірлеу; өндірістің технологиялық реттемесін жасау; минералды, техногенді, қайталама шикізаттың металлургиялық қайта өңдеудің, байыту технологияларындың жасалуы мен сынамалары, материалтану бойынша зерттемелер жүргізу және әртүрлі талдау мен сынаудың түрлерін өткізеді.