Д.В.Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрохимия институты

2024 жылғы 23 сәуірде ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Басқарма Президенті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ (ҚБТУ) еншілес ұйымы Д.В.Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрохимия институтының қызметі, ғылыми-техникалық әлеуеті, материалдық-техникалық базасымен, ғылыми зертханалары және ғалымдарының әзірлемелерімен танысып, институттың ғалымдарымен кездесті.

«Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ жəне электрохимия институты» АҚ 1969 жылы 1 желтоқсанда құрылды.

Институт құрылымында 10 зертхана бар. Кадрлық әлеуетті 70% — дан астам ғылыми қызметкерлер, оның ішінде ғылым докторлары мен кандидаттары, PhD докторлары қызмет  етеді.

Құрылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін, жарты ғасырдан астам уақыт бойы ғалымдар тобы, көптеген өнертабыстар, авторлық куәліктер мен халықаралық патенттер иегерлері өнеркәсіпке көптеген әзірлемелерді енгізді және жүздеген ірі мемлекеттік және коммерциялық жобаларды жүзеге асырды.

Институттың зерттеулері әлемдік тенденцияларды ескере отырып жүргізіледі және әлемдегі ірі ғылыми орталықтар мен компаниялардың ұқсас бағытын әзірлеумен бәсекелеседі. Институттың ғылыми жетістіктері халықаралық деңгейде жоғары бағаланады.

Институт базасында өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігі табысты пилоттық және жартылай өнеркәсіптік сынақтармен расталады.

Бағыттары

1) Мұнай мен газды қайта өңдеудің жаңа ғылымды қажет ететін каталитикалық технологияларын; моно- және полимерлі заттардың мұнай-химия және органикалық синтезін; гидроэлектрометаллургия, отқа төзімді металдар, аса таза металдар, жартылай өткізгіш және коррозияға қарсы композициялар, металдар мен қорытпалардың наноқұрылымдық ұнтақтары, биологиялық белсенді заттар алу саласындағы жаңа электрохимиялық технологияларды әзірлеу;

2) Қоршаған ортаны өнеркәсіптік кәсіпорындар, энергетика және автокөлік шығарындыларының зиянды компоненттерінен қорғаудың, металл конструкцияларының коррозиясынан қорғаудың жаңа каталитикалық және электрохимиялық технологияларын әзірлеу;

3) қоғамның ғылыми және шаруашылық әлеуетін тиімді пайдалану есебінен пайда алу, пайданың бір бөлігін іргелі және қолданбалы зерттеулерді қаржыландыруға, қоғамның инфрақұрылымын дамытуға, бірлескен кәсіпорындар мен ғылымды қажетсінетін өндірістер құру жөніндегі жобаларды инвестициялауға бағыттау.