Ғылыми зерттеу жұмысында статистикалық талдау әдістері

30 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Алматы Менеджмент университетімен бірлесе жас ғалымдарға арналған «QazScience: Ғылыми зерттеу жұмысында статистикалық талдау әдістері» атты оқыту семинарын өткізді.

Оқыту семинарының спикері белгілі экономист, Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП, Наурызбай аудандық филиалының өкілі – Сералин Мақсат ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстары барысында қолданатын сандық статистиканы жинау мен талдаудағы әдістер туралы арнайы дәріс оқыды.

Семинарға әлеуметтік гуманитарлық бағыттығы ЖОО мен ҒЗИ жетекші ғалымдары қатысып, статистикалық талдау түрлері және ғылыми жобаларды орындауда сандық фактілерді дұрыс пайдалану туралы ойлары мен идеялармен алмасуға мүмкіндік беретін алаңға айналды.

Сонымен қатар, жиында «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасының ғалымдардың жобасына қолдау көрсету тетіктері туралы да айтылды. Ғалымдар тарапынан кері байланыс орнатылып, ғылыми зерттеу жобалырының нәтижесін палата тарапынан қаржыландыру бойынша өтінім жолдайтынын туралы оймен бөлісті. 

Оқыту семинар гибритті форматта өтті. Семинарға 100-ге жуық жас ғалым офлайн және онлайн қатысты. Семинардың видео-түсірілімі таспаланып ғалымдардың жұмыс топтырына таралылатын болып келісілді.