Конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының

академигі болып сайлануға арналған конкурстың бірінші кезеңінің

қорытындысы бойынша

АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының (бұдан әрі – Академия) академигі болып сайлау жөніндегі конкурсна қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 21 мамырда аяқталды.

Конкурсқа қатысу үшін ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі аккредиттелген 29 ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарынан ғылыми бағыттар бойынша 45 үміткерден өтінімдер түсті:

  • «Жаратылыстану ғылымдары» — 21 үміткер;
  • «Медицина және денсаулық сақтау» — 13 үміткер;
  • «Инжиниринг және технологиялар» — 11 үміткер.

Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша конкурстың екінші кезеңіне 34 үміткердің, оның ішінде «Жаратылыстану ғылымдары» бағыты бойынша 15 үміткердің, «Медицина және денсаулық сақтау» бағыты бойынша 11 үміткердің және «Инжиниринг және технологиялар» бағыты бойынша 8 үміткердің өтінімдері жіберілді.

Одан әрі қараудан 11 үміткердің, оның ішінде бағыттар бойынша:

  • «Жаратылыстану ғылымдары» — 6 үміткер;
  • «Медицина және денсаулық сақтау» — 2 үміткер;
  • «Инжиниринг және технологиялар» — 3 үміткердің өтінімдері қабылданбады.

Өтінімдердің одан әрі қараудан бас тарту негізгі себебі үміткерлердің құжаттар топтамасын толық ұсынбауы және/немесе Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 7-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болды.

Академия, өтінімдері қабылданбаған үміткерлерге үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы ақпараттандырды. Үміткерлер белгіленген мерзім ішінде ескертулерді жойған жоқ, осыған байланысты Академия өтінімдерді одан әрі қараудан бас тарту туралы хат жолдады.

Қағидалардың 13-тармағына сәйкес конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысы Академияның ресми интернет-ресурсында https://qazscience.gov.kz мекен-жай бойынша жарияланды.