Ғылымды ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу шеңберінде әлеуметтік зерттеулер жүргізу үшін сарапшы қажеттілігі бойынша

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы» КЕАҚ ғылымды ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу шеңберінде әлеуметтік зерттеулер жүргізу үшін сарапшы қажет.

Іріктеуге қатысу үшін үміткер-сарапшылар келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  • мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған анкеталық парақтың DOCX форматындағы нұсқасын жолдау;
  • техникалық сипаттамаға сәйкес жұмыс жоспарын және үміткердің қолтаңбасын қамтитын жоспарланған сома аясындағы (3 млн теңге) баға ұсынысы;
  • ғылыми дәрежесі (Ph.D., ғылым докторы, ғылым кандидаты) және ғылыми атағы (профессор, қауымдастырылған профессор, доцент) бар екенін растайтын құжаттар (бар болған жағдайда).
  • соңғы 5 жыл ішінде ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларға жетекші және (немесе) орындаушы ретінде қатысқанын растайтын құжаттар (бар болған жағдайда);
  • Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index және/немесе Arts and Humanities Citation Index (Clarivate Analytics) және/немесе Scopus жүйесінде индекстелген халықаралық рецензияланған журналдарда соңғы 5 жылда жарияланған және CiteScore пайыздық көрсеткіші кемінде 50 (бар болса) бар ғылыми мақалалар мен шолулардың файлдары;
  • соңғы 5 жыл ішінде конкурстық комиссияларға, ұлттық ғылыми кеңестерге, диссертациялық кеңестерге (бар болса) қатысуын растайтын құжаттар (бұйрықтар немесе олардан үзінді көшірмелер);
  • соңғы 5 жыл ішінде (бар болған жағдайда) ғылыми қызмет нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдар тізбесіне енгізілген журналдарда және/немесе Web of Science және/немесе Scopus дерекқорларында индекстелетін журналдарда ғылыми мақалаларға рецензия жасағанын, сондай-ақ патенттерге, жобаларға және (немесе) бағдарламаларға сараптама жүргізгенін растайтын құжаттар;
  • шетелдік ғалымдармен бірлесіп жазылған Web of Science және/немесе Scopus дерекқорларында индекстелетін мақалалар мен шолулардың болуы, сондай-ақ бағдарламаларды, жобаларды жүзеге асыруға қатысуды растайтын құжаттар (бар болған жағдайда);
  • шетел тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификаттар (бар болған жағдайда).

Сарапшыны таңдау Комиссиямен келесі өлшемшарттарды ескере отырып жүзеге асырылады:

  • ғылыми дәреженің және ғылыми атақтың болуы;
  • соңғы 5 жылда ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларда жетекші және (немесе) орындаушы ретінде қатысу.
  • соңғы 5 жылда Social Science Citation Index және (немесе) Arts and Humanities Citation Index (Clarivate Analytics) және (немесе) Scopus дерекқорларында индекстелетін, CiteScore бойынша процентилі 50-ден кем емес халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланған мақалалар мен (немесе) шолулар саны;
  • соңғы 3 жылда Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index және (немесе) Arts and Humanities Citation Index (Clarivate Analytics) және (немесе) Scopus дерекқорларында индекстелетін, CiteScore бойынша процентилі 50-ден кем емес халықаралық рецензияланатын журналдарда бірінші автор ретінде, сондай-ақ корреспонденция үшін бірінші автор ретінде жарияланған мақала немесе шолу болуы;
  • соңғы 5 жылдағы конкурс комиссияларында, ұлттық ғылыми кеңестерде, диссертациялық кеңестердегі жұмыс тәжірибесі;
  • соңғы 5 жыл ішінде Web of Science және/немесе Scopus дерекқорларында ғылыми қызмет нәтижелерін және/немесе индекстелген нәтижелерін жариялау, патенттерді, жобаларды және (немесе) бағдарламаларды сараптау үшін Қазақстан Республикасы Жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдар тізімінен журналдарға арналған ғылыми мақалаларға рецензиялау тәжірибесі;
  • шетелдік ғалымдармен бірлесе отырып, бағдарламаларды, жобаларды іске асыруға қатысу, Web of Science және/немесе Scopus деректер базасында индекстелген мақалалар мен шолулардың болуы;
  • шетел тілдерін меңгеру деңгейі.

Құжаттар, info@qazscience.gov.kz электрондық поштасы бойынша 2025 жылдың 12 мамырына дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Анықтама үшін мына телефонға хабарласуға болады: +7 727 3382449 (ішкі 1017); +7 727 3080817.

Ұсынылатын құжаттар: