
Салтанатты жиынды Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ашып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына арналған арнайы Құттықтау хатын оқып берді. Президент өз құттықтауында Қаныш Сәтбаев негізін қалаған Академияның отандық ғылымды дамытудағы тарихи рөліне тоқталып, оның еліміздің индустриялық, экономикалық және зияткерлік әлеуетін нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өткен. «Биыл бірінші шілдеде күшіне енген жаңа Конституцияда алғаш рет адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны өркендету мемлекеттің стратегиялық міндеті ретінде бекітілді», – делінген Президент құттықтауында.