«Өмір және денсаулық туралы» ғылымдар бөлімшесі

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы

Бөлімшенің құрылымы

Локшин Вячеслав Нотанович

Локшин Вячеслав Нотанович
Бөлімше төрағасы

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА академигі

Кайдарова Диляра Радиковна

Кайдарова Диляра Радиковна
Бөлімше төрағасының орынбасары

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА академигі

Огай Вячеслав Борисович

Огай Вячеслав Борисович
Бөлімше төрағасының орынбасары

PhD, профессор

Жұмабаев Нұрдәулет Нарбекұлы

Жұмабаев Нұрдәулет Нарбекұлы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Өмір және денсаулық ғылымдары бөлімшесінің ғалым хатшысы

PhD

Бөлімшенің қызметі

«Өмір және денсаулық туралы» ғылымдар бөлімшесі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы қызметінің негізгі бағыттарын іске асыруға белсенді қатысады:

  1. Ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қарауына ұсынылатын ғылыми-техникалық тапсырмаларды ғылыми сараптау.
  2. Ғылымды дамытудың перспективалы бағыттарын айқындау, ғылыми-технологиялық басымдықтарды анықтау және зерттеулердің стратегиялық бағдарларын қалыптастыру үшін форсайттық (болжамдық) зерттеулер жүргізу.
  3. Ғылыми қызметті қолдау және ынталандыру мақсатында атаулы сыйлықтар мен ғылыми стипендияларға арналған конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.
  4. Өмір туралы ғылымдар, денсаулық сақтау, медицина, биология, биотехнология, фармацевтика және сабақтас бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруға және жүргізуге жәрдемдесу.
  5. Ғылыми журналдарды құруға, шығаруға және ілгерілетуге жәрдемдесуді қоса алғанда, ғылыми баспа қызметін дамыту.
  6. Халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту, шетелдік ғылыми ұйымдармен, университеттермен және зерттеу орталықтарымен өзара іс-қимылды кеңейту.
  7. Ғылымды насихаттау, ғылыми білімді тарату, отандық ғалымдардың жетістіктерін таныту және қоғамның ғылыми зерттеулерге қызығушылығын арттыру.

Бөлімшенің құрамы

Бөлімше құрамына 27 ғалым кіреді, оның ішінде:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 4 толық мүшесі (академигі);
  • 21 құрметті академик;
  • 2 шетелдік мүше.
НАН РК